27 тамыз 2024 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының
тұрақты комиссияларының бірлескен мәжіліс өтті.
«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық мәслихатының депутаты
Тулебаев Ислам Насруллаұлы қатысты.
Депутаттар кезекті жиырмасыншы сессияның күн тәртібіне
енгізілген төмендегі мәселерді талқылады:
1. Абай ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен
міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
2. Әл-Фараби ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар
мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
3. Еңбекші ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен
міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
4. Қаратау ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен
міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
5. Тұран ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен
міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
6. Шымкент қаласында білім беру саласында атқарылған
жұмыстар және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы;
7. Жылу маусымына дайындық шаралары туралы.
Мәжіліске аудан әкімдері, білім басқармасының басшысы,
энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары, «Қуат
жылу» орталығының өкілдері қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама
жасады.