25
Қараша

Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімдігінің шақыртуымен Данара Саранова ақпараттық тренинг өткізді

25 қараша 2024 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімдігінің шақыртуымен «16 күн зорлық-зомбылыққа қарсы» халықаралық акциясы аясында «Әйел. Қоғам. Бизнес» тақырыбында ақпараттық тренинг өтті.

Шараның спикері ретінде «Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалының заңгері Данара Саранова сөз сөйледі. Ол тренинг барысында зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың кәсіпкерлікке араласу жолдарын түсіндірді.

Данара Саранова әйелдерді өзін-өзі басқаруға, қаржылық тәуелсіздікке жетуге және өз ісін бастауға бағытталған нақты қадамдар туралы айтты. Сондай-ақ, ол зорлық-зомбылықтан қорғанудың құқықтық тетіктері мен көмек алудың тиімді жолдарын егжей-тегжейлі түсіндірді.