11 желтоқсан 2024 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Енді Көксай шағынауданының көшелері заманауи жарықтандыру жүйесімен
жабдықталды. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырып қана қоймай,
балалардың кешкі уақытта мектептен еркін әрі қауіпсіз оралуына мүмкіндік
береді.
Аталған бастама «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық мәслихатындағы депутаты
Шымыров Мұхтар Асқарұлының тікелей араласуымен жүзеге асырылды. Депутат
тұрғындардың өтінішіне құлақ асып, мәселені жергілікті билік деңгейінде
көтеріп, депутаттық сауал жолдаған болатын. Нәтижесінде, Көксай көшелеріне
жарық шамдары орнатылып, тұрғындардың көптен бергі арманы орындалды.