25
Қараша

Шымкент қаласындағы 35748 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

25 қараша 2024 жыл, Шымкент қалалық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының заңгері Данара Саранова 20-ға жуық белсенді жасты сарбаздардың күнделікті өмірімен таныстыру мақсатында Шымкент қаласындағы 35748 әскери бөлімінде ашық есік күніне жастарды ертіп барды.

Жастар әскерге дайындық барысын көзбен көріп, жас сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсіміне қатысты.

Бұл шара жастарға патриоттық рухты сезінуге және сарбаздардың өмірін жақыннан танып-білуге үлкен мүмкіндік берді.

Ант қабылдау рәсімі ерекше толқынысты өтті. Ұлдарына мыңдаған шақырым жерден арнайы келген ата-аналар мен жақын туыстары бұл сәтті мақтанышпен тамашалады. Көпшілігі көздеріне жас алып, жас сарбаздарға жылы лебіздерін білдірді. Қолына қару ұстаған сарбаздар елдің бостандығы мен тәуелсіздігін, конституциялық құрылысын және халқымен Отанын қорғауға ант берді.

Рәсімнен кейін белсенді жастар әскери бөлім аумағына экскурсия жасап, казармалық үй-жайлар мен асхананы аралады. Әскери бөлім басшылығы жастардың сұрақтарына жауап беріп, әскери қызметтің ерекшеліктері туралы кеңінен әңгімеледі.