12
Тамыз

Шымкент қаласында 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз гранттың екінші легі бойынша комиссия отырысы өтті

12 тамыз 2024 жыл, Шымкент қалалық филиалы 

Шымкент қаласында 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз гранттың екінші легі бойынша комиссия отырысы өтті. Арнайы құрылған комиссия өкілдері әлеуметтік осал топқа жататын 217 адамның бизнес-жобасын мақұлдады.

Екінші лек бойынша BUSINESS.ENBEK порталына 1294 адамнан өтінім келіп түсті. Олар – аталаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, көпбалалы отбасы (ең үлкен перзент 23 жастан аспаған), асыраушысынан айырылған жөнінде әлеуметтік төлем алушы отыбасылар, қолданыстағы қандастар, қоныс аударушылар (солтүстік өңірлерге) еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар азаматтар және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар.
Комиссия құрамында қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары, қоғамдық бірлестік өкілдері, журналистер, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері және «Ақ жол» ҚДП депутаты Қуашбаев Дулат Саттарұлы қатысты.

Комиссия мақұлдаған бизнес-жобалардың 19-ы мал және құс шаруашылығын, 49-ы қызмет көрсету саласын, 22 жоба кондитер және нан өнімдерінің өндірісін, 44-і тігін, 16 жоба жартылай фабрикаттар, 5-і жиһаз өндірісін, 27 жоба өндіріс саласы мен 35-і қоғамдық тамақтану орындарын іске қосу жобаларын құрады.

Ал, санаттар бойынша атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасы – 5, 130-ы көпбалалы отбасы, 14-і асыраушысынан айырылып, бүгінде әлеуметтік төлем алып отырған отбасы, 31-і еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар азамттар болса, 37-сі мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар.
Бүгінде грант жеңімпаздары Еңбек мобильділігі орталығымен келісім-шарт жасауда. 400 айлық есептік көрсеткіш 1 476 800 теңгені құрайды. Қайтарымсыз грант қаржысы несиені өтеуге, жылжымайтын мүліктерді сатып алуға және акцизделетін өнімдерді өндіруге қолданылмайды.