09
Тамыз

Шымкент қаласында «Атамекен» ҰКП ұйымдастыруымен «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында жәрмеңкесі өтуде

9 тамыз 2024 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Шымкент қаласындағы Арбат демалыс аймағында «Атамекен» ҰКП ұйымдастыруымен «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында жәрмеңкесі өтуде.

Бұл жәрмеңкеде жергілікті микро және шағын кәсіпкерлердің, тауар өндірушілердің өнімдері көпшілік назарына ұсынылды.

Бұл өтіп жатқан көрмеге жалпы Шымкент қаласынан 35 кәсіпкер өтінім беріп, өнімдерін алып келді. Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат – жергілікті  тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін арттыру. Қолда бар жергілікті шикізатты пайдаға асыра отырып, өнім өндіру, тұрақты жұмыс орнын ашып, қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру болып табылады.

Жалпы, «Бір ауыл — бір өнім» жобасы алғаш рет Жапонияда ойлап табылған. Өңірлерді  дамыту мақсатында  әзірленген жоба халықтың әл-ауқатын арттыруға елеулі үлес қосқан. Жоба аясында белгілі бір аймақтың ерекшелігін көрсететін бірегей, сапалы өнім өндіруге болатын саланы табу, зерттеу көзделген.

Салтанатты шараға «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Дәурен Босымбаев қатысты.

 Көрмеде 35 ке  жуық кәсіпкердің жергілікті шикізатты қолдана отырып өндірген өнімдерімен танысты.

Әрі қарай көрмеге қатысушыларды Палата жанынан құрылған жұмысшы топ бағалап, үздік деп танылған үш тауарөндірушінің өнімдерін бренд-комитеттің қарауына ұсынады. Нәтижесінде бренд-комитет «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша қаламыздың жеңімпазын анықтап, олар республика деңгейінде Шымкенттің абыройын қорғайтын болады.