03
Сәуір

Шымкент қаласындағы «ақжолдық» кәсіпкерлер су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтті

2024 жылы 03 сәуірде Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, мәслихат депутаттары кәсіпкерлемен бірігіп, Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жөнелтті. Керуен көлігінде көрпе-төсек, жылы киім, резеңке етік, рация мен құтқару жұмыстарына қажетті заттар, сонымен қатар азық-түлік, оның ішінде макарон өнімдері, май, шәй, дәнді-дақыл түрлері бар. Қаражат жинауды «Ақ жол» депутаттық фракциясының  жетекшісі Исламбек Төлебаев  пен мүшелері Ноян Төлегенов, Мұхтар Шымыров  пен Дулат Қуашбаев  бір ауыздан мақұлдап, қол ұшын созуға ниет білдірді.