25
Тамыз

Шымкент қаласында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды

25 тамыз 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Жаңа оқу жылы қарсаңында Шымкентте дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Игі шараға «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Шымкент қалалық филиалы ұйытқы болды.

Филиал төрағасының орынбасары Шуханов Адай Кенжебайұлы оқушыларға мектеп сөмкелері мен оқу құралдарын табыстады. Ал кеңес мүшесі Амалбеков Асқар Ұласбекұлы демеушілік жасап, 10 балаға жаңа оқу жылына қажетті жабдықтарды сыйға тартты.

– Білім – болашағымыздың кепілі. Балалардың мектепке қуанышпен баруына үлес қосу – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз, – деді Шуханов Адай Кенжебайұлы шара барысында.

Сыйлық алған бүлдіршіндердің жүздері бал-бұл жанып, ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік, «Ақ жол» партиясының Шымкент қалалық филиалы бұл шараны қатарынан екінші жыл өткізіп отыр. Партия өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта да әлеуметтік қолдау бағытындағы игі істер жалғасын таппақ.