29 тамыз 2025 жыл Шымкент қалалық
филиалы
Шымкент қаласының білім
басқармасына қарасты «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық
мемлекеттік мекемесіне «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық кеңесінің мүшесі Амалбеков
Асқар Ұласбекұлы демеушілік жасап, балаларға қажетті кеңсе тауарларын жеткізіп
берді.
Бүгінде орталықта 40 бала
тәрбиеленуде. Олардың қатарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, өмірлік
қиын жағдайға тап болған және әлеуметтік бейімделуді қажет ететін жасөспірімдер
бар.
Бұл игі іс балалардың оқу-білім
алуына қолдау көрсетіп, әлеуметтік бейімделуіне септігін тигізеді.
