04
Қантар

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖЕКЕМЕНШІК УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ДЕ, МҰҢЫ ДА КӨП

4 қантар 2024 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалы

"Ақ жолдық" депутат Қазыбек Иса Шымкент шаһарындағы  «Шымкент» университетінде ЖОО профессорлары мен оқытушыларымен  кездесті. Кездесу еркін форматта өтті. Педагог қауымы   жекеменшік ЖОО сандары азайып бара жатқандығы  оларды аландататындығы туралы айтып, ғылыми дәрежелерге спорт қайраткерлері неге  жатпайтындығын сұрады.

Осы Шымкент университеті оқытушысы, Қазыбек Исаның шәкірті Тұрсынай Байларова ұстазына алғыс айтып, ақынның “Керімсал” жыр кітабына қолтаңба алды. Қызының салған картинасын сыйлады.


Басқосуда Қазыбек Иса «Ақ жол» демократиялық партиясы Парламентте қандай мәселелер көтеріп жатқандығы туралы таныстырып,   педагогтарға  5 қазан -Ұстаздар күнін  етіп Заңға өзі енгізгені туралы сөзге тиек етті. 

Өз кезегінде университет ұжымы мәжілісменге алғыстарын білдіріп, білімді ұрпақ дайындайтына  уәде берді.