6 желтоқсан 2024 жыл, Шымкент қалалық филиалы
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Шымкент қалалық мәслихатының
депутаты Шымыров Мұхтар Асқарұлы қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың өзекті
мәселелерін тыңдады.
Қабылдау барысында азаматтар келесі мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді:
1. Су тарифтерінің жоғарылауы:
Тұрғындар, әсіресе шағын кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар, 1 куб суға
915,81 теңге төлеуге мәжбүр екендерін айтып, бұл жағдайды «шағын кәсіпкерлерді
тонау» деп бағалады. Олар шағын кәсіпкерлікке мүмкіндік беру, салықтық жүктемені
жеңілдету және адал еңбектерін бағалау қажеттігін айтты.
2. Қоғамдық инфрақұрылым:
• Көлік кептелісі: Байтұрсынов
көшесіндегі көлік қозғалысының тығыздығын азайту бойынша нақты шаралар қабылдау
қажеттігі айтылды.
• Қайрат Рысқұлбековке
ескерткіш: Белгілі тұлғаға тек ескерткіш тақта ғана емес, толыққанды ескерткіш
орнату қажеттігі көтерілді.
• Абай саябағының
жарықтандыруы: Саябақта кешкі уақытта жарықтандырудың жоқтығы туралы мәселе
көтерілді.
Мұхтар Асқарұлы тұрғындар көтерген барлық сұрақтарды назарға алып, олардың
шешімі бойынша жауапты мемлекеттік органдарға депутаттық сауал жолдайтынын және
әрбір мәселенің орындалуын өз бақылауында ұстайтынын айтты.