16
Мамыр

ШҚО: "Ақ жол" партиясының 20 жылдығына арналған баскетболдан кубок жеңімпаздары анықталды

16 мамыр 2022 жыл, "Ақ жол" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

14 сәуір күні ШҚО Аягөз ауданында "Ақ жол" партиясының 20 жылдығына орай партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен баскетболдан турнир басталды.


14-16 мамырда турнир ойындары өтіп, жеңімпаздар анықталды. Турнирдің басты мақсаты - дене шынықтыру және спорт арқылы аймақтың деңгейде баскетболды және халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, аудандар арасында тәжірибе алмасу.

Турнирге облыстың жеті ауданынан жастар арасынан 12 команда қатысты. Ойын нәтижесі бойынша командалар арасында 1 орынды "Бектас" командасы, 2 орынды "Локомотив" командасы, 3 орынды "АБК" командасы иеленді.

Турнир аяқталғаннан кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен кубоктар, сондай-ақ грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.