8 маусым 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
Өскемен қаласында филиал төрағасының орынбасары Меруерт Смағұлованың
бастамасымен партия мүшелері Николай Ефимовтың отбасына барып, азық-түлік
себетін табыстады. Бұл азамат – екі қызы мен алты немересін жалғыз өзі асырап
отырған зейнеткер. Оның отбасына ет, май, ұн, жарма және тәттілер жеткізілді.
Ал Риддер қаласында облыстық филиалдың төрағасы Қажұмхан Қайырденов үш
отбасыға арнайы барып, оларға да мерекелік азық-түлік пакеттерін тарту етті.
«Ақ жол» партиясы мұндай қайырымдылық шараларын тұрақты түрде өткізіп,
қоғамдағы мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге ниетті.