24
Наурыз

Сәрсен Жанерке үздік төреші атанды – Республикалық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңі

24 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Семейде республикалық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңі өтті.

Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі және облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жоспарына сәйкес №12 ЖОББМ базасында республикалық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңі өтті.

Турнирде “Ақ жол” демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы жанындағы жастар кеңесінің мүшесі Сәрсен Жанерке төрешілік етіп, жоғары кәсібилігімен көзге түсіп, үздік төреші атанды.

Осындай зияткерлік алаңдар жастардың ойлау қабілетін дамытып, пікірсайыс мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосады!