01
Қараша

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Түркістан облысында бірқатар іс-шаралар өтті

1 қараша 2021 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалы

2021 жылдың 30-31 қазан күндері «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қырықбаев Мұхамед Мүслімұлы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткен бірқатар іс-шараларға қатысты.
Тәуелсіздіктің 30 жылдық құрметіне Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылындағы «Мәңгілік ел» кешенінде Алаш арыстарына, «Анаға тағзым» және Қажымұқан Мұнайтпасовтың 150 жылдығына арналған үш ескерткіш ашылды. Ескерткіштердің ашылу салтанатына елімізге танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар қатысты.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінде «АЛАШ РУХАНИЯТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Биыл елімізде «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметі көшбасшыларының бірі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жылдық мерейтойын дайындау және жалпы республикалық көлемде өткізу жоспарлануда. Аталған конференцияда «Алаш» партиясының құрылуындағы Ахмет Байтұрсынұлының қосқан саяси-әлеуметтік рөлі, «Алаш» партиясының бағдарламасы - қазақ қоғамының алғашқы саяси құжаты, «Алаш» партиясы көшбасшыларының ұлттық-патриоттық қызметі және өскелең ұрпақтың тарихи санасын жаңғыртып, отансүйгіштікке тәрбиелеудегі рөлі, Алашорда үкіметінің қазақ халқының құқығы мен мүддесін қорғауы, «Алаш» партиясының мәдени-ағартушылық қызметтері жайлы мәселелер қозғалды.

Конференцияда «Еуразия» ұлттық университетінің «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры, әлихантанушы ғалым Жүсіп Сұлтан Хан Аққұлұлы сөз сөйлеп, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының атынан Алаш арыстарының еңбектерін насихаттап және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген бірқатар ғалымдарға «Қазақ Республикасының 100 жылдығы» медалін табыстады.

31.10.2021 жылы Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылының «Жастар» саябағында «Созақ қасіреті» мемориалы ашылды. Кешен өткен ғасырдың 30-шы жылдарында болған Созақ көтерілісі мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған