19
Наурыз

Тарбағатай ауданында Ұлттық киімдер шеруі өтті

19 наурыз 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Наурызнама онкүндігі аясында Тарбағатай ауданында ұлттық киімді дәріптеуге арналған Ұлттық киімдер шеруі ұйымдастырылды. 400-ден астам адам қазақтың бай мұрасын дәріптеді.

Шараға аудандық мәслихатының "Ақ жол" партиясының атынан сайланған депутаты Жанна Сәкетаева да қатысты.

Ұлттық киім – ата-бабамыздан қалған асыл мұра, рухани байлығымыз. Киім үлгілеріндегі ою-өрнектер, зергерлік бұйымдар мен ұлттық нақыштар – қазақ халқының өзіндік болмысын, дәстүрін, мәдениетін айшықтайды.

Осындай игі шаралар арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттап, болашақ ұрпаққа мирас ету – баршамыздың ортақ міндетіміз, дейді Жанна Сәкетаева.