27
Сәуір

Тарбағатайда тағы бір тыл еңбеккері "Дети войны" медалімен марапатталды

27 сәуір 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты Жанна Сәкетаева мен "Ақ жол" партиясының мүшесі Жарас Тұрысбеков "Дети войны" медалін 98 жастағы Шапатова Бүгіл апамызға табыстады.

Соғыс басталғанда Бүгіл апа небәрі төртінші сыныпта оқитын. Әкесі мен жетінші сыныпта оқып жүрген ағасы майданға аттанып, үйдің шаруасы мен бауырлардың қамы бала иығына түсті. Сол кезден бастап қой бағып, еңбекке ерте араласты.

Бүгінде 98 жасқа келген Бүгіл апа әлі де намазын қаза қылмай, ине-жіп ұстап, ісмерлігін жалғастырып отыр. Оның өмір жолы – қайсарлық пен төзімділіктің үлгісі.

"Ақ жол" партиясының ШКО филиалы ардагерлеріміздің ұмытылмас еңбегіне әрдайым құрметпен қарайды.