13 ақпан 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты
комиссиясының төрайымы Қожамжарова Дария Пернешқызы Әл-Фараби ауданының
тұрғындарымен кездесіп, 2024 жылда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Бұл кездесуге «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат
депутаты Батырбек Мырзакелдіұлы Аширбаев, ауданнан сайланған мәслихат
депутаттары, қала әкімдігі өкілдері, сала мамандары, қоғам белсенділері мен
аудан тұрғындары қатысты. Кездесудің басты мақсаты – жергілікті басқару
органдары мен халық арасында ашық диалог орнатып, тұрғындардың өзекті
мәселелерін тыңдау, оларды шешу жолдарын қарастыру.
Жиында Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылы атқарылған жұмыстары және
Әл-Фараби ауданы аумағында жүзеге асырылған, сондай-ақ алдағы уақытта
жоспарланған жобалар баяндалды. Әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылым, жол
жөндеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық қауіпсіздік, білім беру
және денсаулық сақтау салаларындағы мәселелер кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында тұрғындар сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді. Оларға
нақты жауаптар беріліп, өтініштер бақылауға алынды. Өзекті мәселелерді шешу
бойынша депутаттар тарапынан тиісті органдарға сауалдар жолдайтын болады.