21 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
“Ақ жол” демократиялық партиясынан сайланған Абай облысы Жарма аудандық
мәслихатының депутаты Қарақанов Марат Шар қаласының әкімдік және мәслихат
мүшелерімен бірге “Туған жер тұғырың” атты Әз-Наурызға арналған мерекелік
іс-шараға қатысты.
Шар қаласында өткен бұл мереке ел бірлігін нығайтып, ұлттық құндылықтарды
дәріптеуге арналды. Іс-шара аясында дәстүрлі әндер шырқалып, ұлттық ойындар
ойнатылып, қонақтарға наурызкөже ұсынылды.
Наурыз – жаңару мен ынтымақтың символы! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!