3 желтоқсан 2024 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Түркістан облысында Оңтүстік Кореяның жетекші оқу орындарының бірі – Woosong университетінің филиалын ашу бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қазақ-корей бірлескен білім ордасы Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтермек.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс алаңдарын аралап, жұмыстардың барысын бақылап шықты. Өңір басшысы 18 қабатты ғимараттағы құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысып, нақты тапсырмалар берді. Жауапты басшылармен кездесу барысында ол құрылысты мерзімінде аяқтау қажеттігін қадап айтты. Айта кетейік, ақпараттық технологиялар университетінің ашылуы келер жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, жоба аясында инвестиция тарту
және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық
филиалының төрағасы, кәсіпкер Әшірбаев Батырбек Мырзакелдіұлы түсіндірме
жұмыстарын баяндап, жоба бойынша атқарылған шараларды әкімнің назарына ұсынды.