Президент Қ. Тоқаевтың бүгінгі сүбелі сұхбаты қоғамда талқыланып жатқан барлық өзекті мәселелерді қамтыды. Соның ішінде, мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті арқылы Қазақстанды тарихи да, физикалық тұрғыдан да жарға итерген Қаңтар тақырыбы да әңгімеге арқау болды. Бұл қасірет миллиондаған қазақстандықтың көз алдында өрбігесін, әрқайсымыздың мемлекет басшысының айтқанына қосарымыз бар.
Сол қанды қаңтар күндерін сараптай отырып Қасым-Жомарт Кемелұлы оқиғаның үш толқынын ерекше атап өтті: «Үкімет сұйытылған газдың бағасын күрт өсіру туралы жан-жақты ойластырылмаған, құқықтық негізі жоқ шешім қабылданды. Маңғыстау облысында арандатушылардың айтағына ілескен жұрт шеруге шықты.
Шерулер алдымен Маңғыстау облысында басталды. Ортақ мәмілеге келу үшін жүргізілген келіссөздер мен диалогке толқуды ұйымдастырушылар еш мойын бұрмады». Кейін – «Көптеген аймақта алғашқы қақтығыстар басталды», бұл «арнайы дайындалған жансыздары арқылы жағдайды одан әрі ушықтыруға тырысқан қаскөйлер үшін «іздегенге сұраған» болып шықты.
Бұл – екінші толқын.
Жетекшілері ымыраласқан топтың айтқанын екі етпейтін және лаңкестермен, оның ішінде сырттан келген лаңкестермен байланысы бар қылмыстық топтар өршелене іске кіріс-кенде үшінші толқын басталды. Олар арнаулы технологияны, арандатушылар мен қарақшыларды пайдаланып, бейбіт шерулерді жаппай тәртіпсіздікке ұластырды. Ұрып-соғу, қирату, өртеу, өзгенің мүлкін қасақана жою белең алды. Дүрбелең кезінде қарулы радикалдар мен лаңкестер бір мезетте, бір ғана бұйрықпен мемлекеттік органдардың және күштік құрылымдардың ғимараттарына, қару-жарақ дүкендеріне, құқық қорғау мекемелері мен әскери бөлімдердің қоймаларына шабуыл жасады. Қарақшылар мен лаңкестер өзара ұйымдасып, бір-бірімен тығыз байланыста әрекет жасағанын тағы да қайталап айтқым келеді».
Алғашқы толқын, яғни, көлік газына бағаның күрт әрі негізсіз көтерілген кезі туралы айтқанда, адамдардың бұған деген наразылығы бір күнде, аяқ астынан шарасынан асқан жоқ. «Ақ жол» фракциясы осы мәселені Мәжіліс мінберінен көтеріп, 2021 жылдың 10 қарашасында, яғни, жағдайдың шектен шығып кеткенінен екі ай бұрын Үкімет ке депутаттық сауал жолдаған.
Сол сауалда депутаттарға «көлік газының жетіспеушілігі мен оның бағасының күрт өсіп кеткені жөнінде шағымдар» келіп түсіп жатқанын айтқан едік. Бұған дейін 50-60 теңге тұрған газ, ойда жоқта 120-150 теңгеге дейін шарықтап кетті. Халық арасында газ иелері мұны қасқана жасап жатыр деген жорамал бар» (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/aq-zhol-zher-asty-bajlyqtary-zheke-adamdargha-emes-halyqqa-qyzmet-etwi-qazhet).
Бұдан бұрын да, 2021 жылдың 6 қазанындағы депутаттық сауалында «Ақ жол» фракциясы жанар-жағармай бағасының күрт өсуі қоғамда мұндай ауытқулардың алыпсатарлық сипатына қатысты әділ күдік туғызатынын, сондай-ақ монополияға қарсы органдарға заңды сұрақтар туындайтынын атап өткен. Біз «бағаның бұлай шарықтауының қаншалықты нақты нарықтық жағдайға байланысты, не қаншалықты монополистердің заңсыз әрекеттерінің нәтижесі екенін саралауды», сондай-ақ «тексеру нәтижелері бойынша барлығын ретке келтіріп, кінәлілерді жауапқа тартып, жанар-жағармай бағасын тұрақтандыруды» талап еттік (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/aq-zholfrakciyasynyng-elimizdegi-zhaghar-maj-tapshylyghy-twraly-depwtattyq-sawaly).
Өкінішке орай, депутаттардың дабылы да, халықтың ашу-ызасы да елеусіз қалды. Сондықтан, президенттің қанды Қантарға ұласқан оқиғалардың алғашқы толқынының өзі кездейсоқ емес деген пікірімен келісемін. Халық пен парламенттің қаққан дабылдары үкімет пен құқық қорғау органдарындағы жекелеген лауазымды тұлғалардың салғырттығынан ғана емес, жағдайды одан әрі ушықтыру үшін мақсатты түрде ескерусіз қалдырылған болуы әбден ықтимал. Сонымен қатар, тергеу қорытындысы бойынша президент атап өткендей, азаматтардың әділ наразылығын тәртіпсіздікке айналдыру мақсатында арандатушылық жұмыстар жүргізілді. Бірақ соған қарамастан, төңкерісті ұйымдастырушыларға жағдайды «өршітуге» екі ай уақыт қажет болды, ал белсенділігі жоғары (және газ бағасының қымбаттауынан ең көп зардап шеккен) Маңғыстауда қантөгіске көшу жоспары толығымен жүзеге аспай қалды.
Сондықтан да болар, Маңғыстаудың өзінде наразылық білдірушілер қақтығыстан аулақ болғанымен, «Маңғыстауға қолдау көрсету» ұранымен басқа аймақтарда зорлық-зомбылықтар басталып кетті. Бұл қисынсыздық тек сылтау ғана қажет болған тәртіпсіздіктердің жасанды, арандату сипатын растайды.
Бірақ бұл ереуілдерге жастардың оңай және белсенді түрде қосылғаны тәртіпсіздіктердің негізгі салдары газ бағасының әділетсіздігі (екінші толқында ол шешіліп қойған) емес, Президент Қ.Тоқаев айтқандай «жылдар бойы қордаланған әлеуметтік-экономикалық проблемалар, жалпы тоқыраудың билік пен қоғамды аздырып-тоздыруы себеп болғанын» көрсетеді.
Төңкеріске дайындыққа қатысты айтар болсақ, тергеу «дайындық шамамен 2021 жылдың ортасында басталды» деп есептейді. Бұл мәселе бойынша менің ойым сәл өзгеше: мысалы, 2020 жылдың күзіндегі сайлау науқаны кезінде бұрынғы коммунистік партиясы қатарына (аз уақытта «халық партиясы» атанып) кенеттен құқық қорғау органдарының қызметкерлері белсенді түрде толыға бастады. ҚКХП-ның сол сайлаудағы партиялық тізіміне «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің элиталық арнайы жасақтарының ардагерлері, «URAN» қоғамының мүшелері кірді», бұл туралы баспасөзде де мақтанышпен хабарланды.
Бұл ретте «URAN» РҚБ 2019 жылдың маусым айында, Президент Қ.Тоқаевтың инаугурациясынан кейін бірнеше күн өткен соң тіркелді (https://ia-centr.ru/experts/vyacheslav-shchekunskikh/uran-pridast-sil-byvshey-kompartii-kazakhstana/), бұл да айтарлықтай көңілге күдік ұялатады.
Бәлкім, төңкеріске дайындықтың басын күннен бастап санаған дұрысырақ болар?
Бұл бірлестік экс-коммунистердің сайлау науқаны аясында тіпті «Қызыл автобус» акциясын ұйымдастырып, бұрынғы комитет мүшелері ел аралап, жергілікті әкімдерді «тізіп қойып», өздерінше «мәселелерді шешіп», мұны қазіргі билікке «елеулі белгі мен ескерту» деп те атаған (https://tengrinews.kz/news/ertyisbaev-krasnyiy-avtobus-eto-signal-vlasti-422395/).
Қантар оқиғасындағы ҰҚК басшылығының рөлі бүгінде белгілі, оның әрекетіне сот баға берді. Дегенмен, төңкерісті кейіннен заңдастыру үшін олардың қызметкерлерінің (бұрынғы чекистер болмайды) парламентке ұйымдасқан түрде ену әрекетін зерттеу қажет деп есептеймін. Бұл факт қаңтар оқиғасына қатысты болмаса да (жеке өзім оған сенімді емеспін), бұл болашақта мұндай мүмкіндікті болдырмауды ойлануға мәжбүр етеді.
Жалпы, Қасым-Жомарт Кемелұлының Қантар оқиғасының әлеуметтік-экономикалық және жүйелі себептері болғаны туралы пікіріне толықтай қосыламын, онсыз қаскөйлердің жоспары соншалықты жаппай және қанды сипатқа ие болмас еді. Мен бұл туралы пост-фактум айтып отырған жоқпын. 2020 жылдың 20 қарашасында (Қантардан бір жыл бұрын) «Ақ жол» Демократиялық партиясының съезінде біз былай деп мәлімдеген едік:
«Шиеленіскен қоғамдық пікірталастар Тәуелсіздіктің басты сын қатерлерін анықтап берді:
- бюрократия және жемқорлық,
- әлеуметтік теңсіздік пен байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық,
- экономика мен биліктің монополияландыру.
...Елге әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйелерде түбегейлі өзгерістер қажет. Бұл өзгерістердің орын алатыны сөзсіз, олар саналы түрде бола ма, әлде стихиялы бола ма, мәселе сонда ғана.
Өзгерістерді одан әрі кешіктіру Беларусь пен Қырғызстанда, одан бұрын Украинада болғандай мемлекеттілік дағдарысына әкелуі мүмкін...
Тіпті, мегаполистердің өзінде, өңірлер мен шағын қалаларды айтпағанда, әдемі қасбеттердің ар жағында кір мен қулық, жерлестеріміздің кедейлігі мен жастардың болашағының жоқтығы жасырылады. Халқымыздың сенімі мен абыройын қайтару үшін осының барлығын неғұрлым жылдам шешу керек» (https://akzhol.kz/kk/blog/aq-zhol-demokratiyalyq-partiyasynyng-toeraghasy-azat-perwashevting-xvi-quryltajda-partiyanyng-sajlawaldy-baghdarlamasy-bojynsha-soejlegen-soezi).
Кейін Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда қалаларында қамауға алынған ондаған тәртіпсіздікке қатысушылармен және олардың туыстарымен (фракциямыздың депутаттары Берік Дүйсембинов, Қазыбек Иса, Ерлік Өмірғали және т.б. бірге) кездескенде, олардың барлығы да өздерінің наразылығының себебі ретінде таза әлеуметтік мәселелерді атады: баспананың, жұмыстың, үміттің жоқтығы (https://t.me/peruash/4321; https://t.me/peruash/4319;https://akzhol.kz/kk/blog/aqzholdyq-depwtattar-shymkent-qalasynda-tutqyndalghandardyng-twystarymen-kezdesti, https://t.me/peruash/4560; https://t.me/peruash/4561; https://t.me/peruash/4563; https://t.me/peruash/4569 және т.б.). Мен олардың арасында мемлекеттік қалыптың принципті, саналы қарсыластарын екі-ақ рет кездестірдім.
Бірақ сонымен бірге, көпшілік іс-әрекеттердің темірдей тәртіппен ұйымдастырылуын, үйлестірушілердің болуын және олардың әскери қызметкерлерге шабуыл жасағандағы айтып жеткізуге болмайтын қатыгездігін атап өтті. Ұрып-соғып жатқанға құр қарап тұра алмай, наразылық білдірушілердің өздері зардап шеккендерді шабуылшылардан құтқарып, ауруханаларға немесе үйлеріне жеткізген жағдайлары туралы айтып берді.
Президенттің сұхбатына қайта оралсақ, шын мәнінде бейбіт шерушілер мұздай қаруланып, полицияға немесе ұлттық қауіпсіздік департаменттеріне бір мезгілде бүкіл ел аумағы бойынша шабуылдай ма; Бейбіт шерушілер мемлекеттік мекемелердің қорғаушыларын өлтіріп, әскери арсеналдарды тартып ала ма? Жоқ.
Мұның барлығын үмітсіздіктен қажыған бейбіт жастарды қалқан еткен кәдімгі содырлар жасады. Мен тәртіпті қалпына келтіруге қатысқан бригадаға барғанымда терезесінің қақ ортасынан емес, жақтаумен жапсарлас тұсына дәлме дәл кәсіби түрде атылған брондалған көліктерді; Калашников автоматының 7,62 калибрлі оқтарының тұрып қалған өзектерін өз көзіммен көрдім (https://akzhol.kz/kk/blog/azholdtar-almat-oiasnda-zardap-shekkendermen-zhzdest). «Бейбіт тұрғындар» бұлай ата алмайды, бұлай тек арнайы үйретілген, өлтіруге машықтанған адамдар ғана ата алады. Бұл билікті күшпен басып алу мен мемлекеттік төңкерістің амалы еді.
Тағы қосарым: қайта шабуылдау қаупі әлі де сейілген жоқ. Ұрланған мыңдаған қару жарақ арсеналының барлығы әлі табылған жоқ. Біздің ашық дереккөздер бойынша болжалды есебімізше, террористердің қолында әлі жүдеген тапанша, автомат, пулемет пен гранатометтер бар. Басынан байқашығына дейін мұздай қаруланған 500-700 адамдық діни экстремистер тобының бейбіт қалаға, тіпті, бір өңірге шабуылы неге алып келуі мүмкін екенін ойланып көріңізші?
Мұнай үрей тудыры үшін емес, тәуелсіздігіміз бен мемлекеттік қалыпты қорғап қалу мақсатында қандай тегеуріндерге дайын болуымыз керектігін түсіну үшін айтып отырмын. Қазақстан 2022 жылдың қаңтарында қандай қатерді басынан өткергенін ұқтырғым келеді.
Осы қиын күндерді еңсеріп өту үшін Қ. Тоқаев көп адам күтпеген табандылық пен мемлекет алдындағы адалдығын танытып, бар күш-жігерін салды. Сұхбатта бұл туралы тарқатылып айтылмады, алайда, ешкім де барлығы өздігінен шешілді деп ойламасын. Қазақстан өз мемлекеттілігін жоғалтудың, өз азаматтары үшін ғана емес, көршілер үшін де қауіпті әлдебір хунта не қылмыстық «халифатқа» айналудың аз-ақ алдында тұрды.
Тек президенттің ерік-жігері мен әрекеттеріне арқа сүйеген, абдырап қалса да, антына адалдық танытқан командирлер мен күштік құрылымдардың қызметкерлері қалаларымыздың көшелеріндегі тәртіпті қалпына келтіре алды. Миллиондаған азаматтарымыздың ерлігі және сабырлығымен қатар, олардың рөлін де атап өткен дұрыс деп білемін.
Бұл ретте, тәртіп орнаған соң бірден «Ақ жол» фракциясы әділдік іздеп көшеге шыққан жастар мен мемлекеттік төңкеріске қасақана үлес қосқан, кісі өлтіру мен билікке шабуыл жасауға қатысқан ланкестерді ажыратуды талап етті. Біз ұсталған жастарды азаптауды тоқтатуға, сондай-ақ Қантар оқиғасы бойынша ашық парламенттік тыңдау өткізуге шақырдық – мысалы, «Ақ жол» фракциясының 26 қаңтардағы депутаттық сауалдарын қараңыз (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/memlekettk-tkers-zhasama-bolandar-tgel-antalu-tis-a-zhol); 2 ақпандағы (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/aq-zhol-qazaqstannan-offshorgha-qarazhatty-kimderding-shygharghanyn-zhariyalawdy-talap-etti); 9 ақпандағы (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/ajl-atar-keznde-aur-lmstara-ats-zho-stalandard-bosatu-kerektg-tural) және т.б.
Жоғарыда атап өтілгендей, ақжолдық депутаттар қамалғандар ұсталған бірнеше мекемеде болып, сөйлесуге тілек білдіргендердің барлығымен жеке сөйлесті (https://akzhol.kz/ru/blog/mazhilismeny-prava-zaderzhannyh-grazhdan-ne-dolzhny-narwshatsya-www-inform-kz). Осы кездесулердің нәтижесінде біз тергеу тарапынан тиісті назардан тыс қалған нақты фактілерді атап, прокуратураға жүзден астам өтініш жолдадық. Ресми жауаптарға қанағаттанбай, бас прокурор Берік Асыловтың қабылдауына бардық, ол егжей-тегжейлі әңгімеден кейін тиісті тапсырмалар берді (https://akzhol.kz/kk/blog/azat-peruashev-bas-prokurormen-zekt-mselelerd-tallad). Кездесулерде бізге «Ақ жол» фракциясының өтініші бойынша балалары босатылған ата-аналар келіп, алғыс жаудырған кездер де болды (https://t.me/peruash/4540).
Бұған 14 қаңтарда Президент Қ.Тоқаевтың Бас прокурорға берген – ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда ұсталғандарға қатысты шараларды жеңілдету туралы тапсырмасы құқықтық негіз болғанын айта кеткен жөн. Ал сол жылдың қыркүйегінде мемлекет басшысы Қантарадағы ауыр қылмысқа қатысы жоқ барлық қатысушыларға рақымшылық жариялады. «Рақымшылық туралы шешім қоғамдық келісімді нығайту,ға жастарға мемлекеттің оларға және олардың болашағына сенім артатынын көрсетуге бағытталған. Бұл қадамның өте ұзақ мерзімді және дұрыс салдары болатынына сенімдімін - жаңа президенттік мерзімнен әлдеқайда ұзағырақ. Сондықтан бұл қадамды Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы Жолдаудағы ең маңызды саяси шешімі деп санаймын» – «Ақ жол» демократиялық партиясы рақымшылық жасау актісін осылай бағалады (https://akzhol.kz/ru/blog/peremen-neizbezhn-kazpravdakz).
Мемлекет басшысы одан да ілгері жүріп, 16 наурызда Республиканың саяси жүйесін өзгертіп, оны ашық әрі икемді етіп өзгерткен Конституциялық реформаны бастады. Бұл туралы Қ.Тоқаев сұхбатында да айтып, сайлау туралы, митингілер туралы, саяси партиялар туралы, парламент туралы, конституциялық сот туралы заңдардағы өзгерістерді атап өтті. Жаңа 2024 жылға дейін аяқталған бірінші парламент сессиясы конституциялық реформа Мәжіліске әлдеқайда өткір жұмыс істеуге, сайлаушыларға одан да жақын болуға мүмкіндік бергенін көрсетті. Бұл қоғамдық пікірталастардың айтарлықтай бөлігін көшелерден парламент қабырғасына көшірді, бұл сөзсіз үлкен жетістік. Президенттің партиялық емес (дәлірек айтсақ, партиялардан жоғары) мәртебесі, мемлекет басшысының туыстарының мемлекеттік қызметте және ұлттық компанияларда қызмет атқаруына тыйым салу сияқты басқа да жаңалықтарды; 30 жыл ішінде бірінші рет билік партиясына премьер-министрді ұсыну құқығын беру және т.б. атап өткен жөн. Осының барлығы соңғы екі жылда мемлекетті қоғамға жақындата түсті. Біздің еліміз өзінің қазіргі жағдайын дұрыс бағалады, біз орта ғасырлық надандыққа сырғып кету қаупінен аулақ болуымыз керек, керісінше, барлық заманауи өркениетпен, оның жаңашылдық пен технологияға ашықтығымен бірге дамып, ілгерілеуіміз керек.
Бірақ тізілген мысалдардың өзі Қ.Тоқаев ойлаған істерінің жүзеге енді асырылатынын, пысықталу үстінде екенін, бәлкім оны тиісті институттардың – парламент пен үкіметтің бастамасына әдейі қалдырылғанын көрсетеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы Конституция бойынша референдум өткен күннің ертеңінде бұл жүйелі өзгерістердің басы ғана екенін, реформалар жалғасын табатынын атап өткені бекер емес.
Бизнес пен отандық өндірушілердің партиясы ретіндегі «Ақ жол» демпартиясы үшін бұл сұхбатта мемлекет басшысының инвестициялық штаб құру, өндірістік жобаларды жүзеге асыру, жаңа Салық кодексі әзірлеу және квазимемлекеттік сектордың рөлі жөніндегі ұстанымын көру өте маңызды болды. Сондай-ақ Президенттің жаңа саяси жүйедегі Бюджет кодексінің маңыздылығын қаншалықты нақты атап көрсеткені де назар аударарлық – бірақ бұны үкіметте дұрыс түсінбеуде, бұл туралы бір апта бұрын, 27 желтоқсанда «Ақ жол» фракциясы Бюджет кодексінің бірінші оқылымында мәлім етті (https://akzhol.kz/kk/blog/mzhlst-plenarl-otrsnda-biudzhet-kodeksn-zhobasn-brnsh-olm-tallau-kezndeg-a-zhol-dempartiiasn-stanm).
Жалпы, бұл сұхбатты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атқарылған істерді қорытындылайтын, сонымен қатар, болашаққа, жақын уақытқа деген векторды белгілейтін бағдарламалық мәлімдемесі деп бағалау керек. «Ақ жол» демпартиясының өкілдері де, барлық деңгейдегі біздің депутаттар да осындай өзгерістерді ілгерілету үшін барын салады.