Президент Қ.Тоқаевтың екінші Жолдауы елдің қазіргі жағдайына сәйкес және COVID-19 пандемиясының мемлекетті басқарудағы кемшіліктерін көрсетіп бергенін және қоғамның өзгерістерге үмітті екенін ескертіп жасалған жан-жақты жолдау болды. Бұл тұрғыда Данияр Әшімбаевтың жүйенің «ішкі тежегіштер» туралы айтқан болжамы расқа айналды.
Көп жағдайда президент мәселені мейлінше ашық көтерді және салалық құрылымдарға проблемаларды терең зерттеуді тапсырды. Кейбір сәттерде іс-қимылдар барысы қисынын алдын-ала анықтайтын қадамдарды көргенімен, ары қарай «әрекет жасау үшін кеңістік» қалдырылды. Сонымен бірге Қ.Тоқаевтың барлық жауапкершілікті өзіне артып, жігерлі шешімдерді ұсынған мысалдар да аз болмады.
Менің пікірімше, өзіңе жауапкершілік артып, шешімдерді қабылдағанда ғана істің нәтижесін күтуге болады. Ал, "тексеріліп қаралсын, ойлану үшін" деген тапсырмалары, керісінше «тестілеу» сипатында қалады, олар қарсылыққа тап болып және кері қайтуы да мүмкін.
Президенттің әлеуметтік мәселелерге байланысты бастамалары өзінің нақтылығымен ерекшеленетіні тектен-тек емес.
Бюрократияға адамдардың ашу кернеуі медицина саласындағы кемшіліктерден, жәрдемақылар аударудағы даулардан, қашықтықтан оқыту сәтсіздіктерінен және тағы басқалардан көрінді. Сондықтан да Қасым-Жомарт Тоқаев осы жерде өз тапсырмаларының орындалуын тікелей талап етеді. Солай десек те билік «Білім бизнесіндегі «ықпалды адамдар» қарсылығы кесірінен жұмыс қиын жүруде» деген сияқты астыртын ағыстармен санасуға мәжбүр. Егер осы салаларға бөлінген қомақты қаражат сомасын ескерсек, «ықпалды адамдардың» және «сыбайластық жемқорлықтың шоғырлануы» тек күшейе түсетінін түсінген жөн.
Сөйте тұра, президенттің әлеуметтік шешімдері, мысалы, келесі жылы БЗЖҚ тұрғын-үй мен емделу үшін жинақ ақыларын пайдаланатын салымшылар санының нақты анықталуы, тұрғын үй бағдарламаларын жақсарту параметрлерінің көрсетілуі, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақыларының көтерілуі, инфекциялық ауруханалар мен ФАП-тар құрылысы үшін ғылыми гранттардың бөлінуі бастамалары туралығы және дәлдігімен ерекешеленді.
Қасым-Жомарт Кемелұлының осы мәселелердегі табандылығы – әлеуметтік саладағы ахуалдардың шешілімі қоғам тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Дегенмен БЗЖҚ қаражатын пайдалану мен тұрғын-үй саясатын қайта қарау мәселелерінде оның қарсыластары аз болмады. Бұл туралы мемлекет басшысының бұрынғы көмекшісі Олжас Құдайбергенов хабарлаған болатын.
Маған президенттің экономикалық бастамалары өзгеше көрінеді. Кейбір сәттерде мемлекет басшысы өзін байсалды реформаларды бастаушы ретінде көрсете, ал кейбір кезде қалыптасқан мәселеге бет-жүзіне қарамай, риясыз баға беріп, тиісті ведомстволарды тәртіпке келтіруді тапсырды.
Мысалы, бәсекелестікті дамыту және қорғау жөніндегі агенттігін құру туралы шешімі – сөзсіз жаңалық. Мыңдаған кәсіпкерлер өздерінің тәжірибесінен айтып жүрген: «Біздің қуыстар нарықтық емес әдістермен қатырып тасталған... Коммерциялық табыстың басты көзі әкімшілік ресурстарда» деген сөздері расталды.
Ашық бәсекелестікті қамтамасыз ету – нарықтық экономиканың негізгі қағидаларына қатысты мәселе. «Ақ жол» депутаттарының фракциясының 2019 жылы 4 желтоқсанда үкіметке жасаған сауалы нарықтық бәсекелістіктегі қиын жағдайға арналды. Біз сауалымызда қазіргі жағдайды нарықтық емес, мемлекеттік монополистік деп баға беріп, үкіметтен бәскелестікті қорғауды сұрадық.
Үкімет «бәрі бақылауда тұр» деген мәнерде жауап берді. Осы жылдың маусымына дейін олармен айтысуға тура келді. Президент атқарушы биліктен гөрі депутаттар пікіріне жақын екенін көрсетті. Үкіметтен тәуелсіз тұратын агенттіктің құрылуы – нарықтық негіздерге қайта оралудың жолы деп санаймын.
Елдің аймақтарын «әр өңірдің өзіндік бәсекелестік ерекшелігіне қарай» дамытуды көздеген тапсырмаларының стратегиялық маңызы зор.
«Ақ жол» демократиялық партиясы бірнеше рет өндірістік аймақтардағы кәсіпкерлік республикалық деңгейден 2-2,5 есе артта қалғанын атап өткен болатын. Шикізат өндірісінің алыптары жыл сайын 8 трлн теңгеден астам сомаға сыртқа өнім шығарады. Сол өнімдерді Қазақстанның өзінде де шығаруға болады.
Дамыған елдерде жер қойнауын иегрушілерге салықтық төлемдерден басқа жергілікті басқару мамандарын әзірлеуді, жергілікті бизнеспен бірлесіп сервистік компанияларды құруды, шығарылатын шикізатты қайта өңдеуді және тағы басқаларды міндеттейді. Біздің кен-қазба байлықтарын өндіретін аймақтардағы шағын және орта бизнес республикалық орташа көрсеткіштен жоғары болып, шикізат өндірісінің иелеріне қомақты қаражат түскен сайын олардың жергілікті әріптестеріне де ақша қалуы керек. Ал бұлай болмаған кезде, түскен пайда елден шығарылады. Ұлт байлығы халықтан ұрланып жатса, шетелдік инвесторлар өндірістік тапсырыстар бермесе, жергілікті мамандарды тәжірибеге үйретпесе, жаңа технологиялар бермесе, мұндай инвестиция кімге пайдалы?
Бұл жергілікті атқарушы биліктердің жұмысындағы кемшіліктер. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстанның бірінші президенті іскерлігі арқасында ел байлығын игеруге келісім беріп, инвесторлардың сұрағанына көнді, осылай елдің дамуына мықты серпін берді. Содан бері қазақстандықтардың жаңа ұрпағы өмірге келді. Қазіргі елде басқаша, экономикада жаңа міндеттерді талап етуде.
Жолдаудың бұл тарауынан мемлекеттік органдарға қандай болмасын нақты тапсырма берілмесе де, барлық жергілікті әкімдер және олардың инвесторлармен және мемлекеттік даму институттарымен жұмысына кіруі керек.
Шағын және орта бизнеске маңызы бар тағы бір мысал. Ағымдағы жылдың наурыз айында ТЖ енгізілгеннен бастап «Ақ жол» демпартиясының депутаттары Үкіметке, Ұлттық банкке және Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігіне несиелер бойынша шешімдердің мардымсыздығы, жаңа мөлшерлеме бойынша қаржыландырулардың қол жетімсіздігі, екінші деңгейлі банктермен қосымша шаралар әзірлеуді талап ету туралы ондаған үндеу жолдаған болатын.
Бәрі бекер. ҚР Президентінің Төтенше жағдайды форс-мажор деп тану туралы тапсырмасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі заңға сілтей отырып, банк несиелеріне қатысты мүлдем қолданылмайтынын мәлімдеуге дейін барды. Біз кәсіпорындардың құлдырауы жағдайы кезінде бұл нормаларды жаппай қайта қарау жөніндегі талаптарымыз жарты жыл бойы жұмыс жасауға тыйым салу жағдайында өздерінің қабілетсіздіктерін танытатын мардымсыз жауаптар келді.
Несиелердің ішкі мерзімдеріне берілген несиелік шегерулер мәселені шешпеді. Ағымдағы несие төлемдерін шегеру мерзімі өткен соң шегерілген төлемақылардың жинақталуы және қалған мерзімде несиелерді жабылуына қарай бұрынғыдан қомақты берешек сомаға айналып, кәсіпорындардың құлдырауына қауіп туғызды. Өйткені жарты жыл жұмыссыз тұрған өндірісті бірден қалпына келтіру мүмкін емес.
Алайда банктер несиелер бойынша шарттарды ұзартпады, тіпті несие мерзімдерін шегерудің өзін әрең жүргізді. Өңірлерде болған іс-сапарлар барысында осындай фактілер туралы бізге көптеген шағымдар түсті.
Ағымдағы жылдың 13 тамызында «Ақ жол» демпартиясы несиелік демалыстарды енгізу және төменгі мөлшерлеме бойынша бұрынғы барлық несиелерді қайта қаржыландыруды талап етіп, үкіметке кезекті үндеуді жолдауға мәжбүр болды.
Сондықтан да мемлекет басшысының «экономиканың зардап шеккен секторы – шағын және орта бизнестің барлық қазіргі несиелері бойынша мөлшерлеме пайызын жылдық 6%-ға дейін мемлекеттік субсидиялармен қамтамасыз ету» туралы шешімі – бизнеске жасалған үлкен, баға жетпес көмек.
Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі қиын кезде мыңдаған кәсіпкерлерге қажетті қолдау жасауға қарсы нормаларды алып тастауға тырыспады да. Өйткені, ол нормалар банк мүддесін қорғайды. Мемлекет осы шығындарды өзіне алуға мәжбүр.
Қасым-Жомарт Кемелұлы, әрине мұндай қайшылықтар мен ауытқуыларды көріп тұр, «Банктер нақты экономиканы несиелеуге асықпай отыр, олардың валюта нарығында және Ұлттық банк құралдарымен жақсы пайда табатын мүмкіндігі бар» деп атап өтті. Жолдау тұжырымдары салдарына қарамастан «Аталған өтімділікті қайта бағдарлау жөніндегі шаралар қолға алынсын » деп оңтайландырды.
Сөйткенмен президенттің шешімі шағын және орта бизнесті нақты құтқаруға арналған, қазір орта тапта шағын және орта бизнестің кәсіпкерлері жалғыз қалды. Бұл тапты өшіру байлар мен кедейлер арасында әлеуметтік алшақтықтың күшеюуіне алып келетіні күмәнсіз. Президент қабылдаған шешім қоғамда әлеуметтік жарылыс қауіпін бәсеңдетуге бағытталған.
Жолдауда осыған ұқсас "айнымалы» ұстанымдар президенттің салықтың диффренциялық мөлшерлемелерін енгізу бастамасын да байқалады.
Сәуір айында Төтенше жағдайлар шеңберінде президент Қ.Тоқаев қазіргі қолданыстағы Салық Кодексінде мұндай мөлшерлемелер ескерілмесе де кейбір әлеуметтік маңызы бар тауарларға қосымша құн салықтарының мөлшерлемелерін төмендету туралы шешім қабылдады. ҚҚС диффренциялық мөлшерлемелері ОЭСР және Еуродақ елдерінде әлеуметтік басымды өндіріс секторларын қолдау үшін, әсіресе, әлеуметтік азық-түлік өнімдері, тағамдар, киім-кешек, балалар тауарлары, тұрғын үй құрылысы, тұрғындарғы қызмет көрсету салаларында кеңінен қолданылады. Бұл салық арқылы ынталандыру маңызын көрсететін экономикалық саясаттың басты бір құралы.
«Ақ жол» демпартиясы парламенттегі алғашқы күндерден бастап отандық тәжірибеге аталған тетіктерді енгізу туралы ұсыныстарды айтып, жолдап та келеді. Біз үкіметке жиырмадан астам сауалдар мен заңға ұсыныс түзетулер жібердік. Бірақ Үкімет тарапынан мұндай ұсыныстарды салық қызметінде туғызатын қиындықтарға сілтеп қарсылықпен қайтарылды.
Сонымен бірге, Президент Қ.Тоқаев өзінің шешімімен кейбір әлеуметтік тауарларға 12% ден 8% төмендетті, салық саясатында шағын болса да, бірақ маңызды революция жасады. Иә, ол қазіргі қолданыстағы салық кодексінің шеңберінен тыс және ол төтенше жағдайлар режимі кезінде жасалды. Оның үстіне осы істі заң жүзінде бекіту де маңызды. Біз 2020 жылы 15 сәуірден бастап үкіметке кезекті сауал жолдау арқылы түзетулер енгізуге тырыстық. Бірақ жауап сол күйінде «ҚҚС төмендетілген мөлшерлемесін қолдану салық есебін қиындатуға алып соқтырады... Ауыртпалық түсірілмейтін тетіктерді пайдалану ұсынылады» деген бұрынғыдай жауап келді. Салықтар шенеуніктер емес, бизнес үшін икемді болу керегін Еуропада жақсы түсінетінін біздің елде дәлелдеу тіпті мүмкін болмай тұр.
Осы тұрғыда Жолдаудағы «дифференцияландырылған мөлшерлемелерді енгізу туралы ойланайық» деген президент тапсырмасы да консервативтік мемлекеттік аппараттың проблемалардың шешімін іздеуге немесе қандай болмасын «саңылау» қалдыру үшін итермелейді.
Жалпы, Жолдауда қазіргі жағдайларға байланысты көптеген дұрыс баға айтылып, керекті тапсырмалар тізімі жасалды. Мұнымен ақыл-есі түзу адамның келіспеуі мүмкін емес. Мысалы, салықтарды жеңілдетуді Салық кодексінде тексеру жүргізу туралы тапсырмасы маңызды мәселелерді қозғайды. Бірақ тапсырманың мемлекеттік аппаратқа берілуі бастаманың орындалу келешегіне күмән туғызады.
Салық кодексі бойынша ҚҚС және ПӘК мөлшерлемелерін Үкімет жаппай ұлғайтатыны жөнінде хабар бар. Бұл Президенттің тапасырмасындағы бизнеске салықтарды диффенциаландырып, оңайлатып, жүктемені жеңілдету талаптарымен, бизнесті қазіргі қиындықтардан шығуру жолымен қалай ұштасады? Жоқ ұштаспайды.
Сондықтан да мен мемлекет басшысы бастамаларды өз қолына алып шешімдер шығарғанда ғана нақты нәтижелерді сезінемін. Ал ведомстволарға қайта қарауға берілген тапсырмалар, бюрократия күшінің жағдайында олардың нәтижелерін көрмейінше күмән туғызады.
Соңында Жолдаудың саяси месседжі туралы айтқым келеді. Менің ойымша жолдау келешегін анықтайтын және бірмезгілде құжаттың ең бір осал бөлігі саналады. Көптеген адамдар осы жерде өздерінің сұрақтарына жауап күткен еді және олардың үміттерін түсінуге болады. Қоғамның әлеуметтік саладағы кемшіліктері үшін олар өздерінің соңғы ақшасымен ғана емес, осынау салдардың кесірінен өмірлері қиылды. Бұл оқиғалардың табиғаты бірдей, олар экономикада бәскелестіктің жоқтығы, саясаттағы ауытқулар мен әділдіктің болмауы. Биліктің бір қолда шоғырлануы, шенеуніктердің енжарлығы қоғамның дамуын тоқтатуда, билікке деген сенім жоғалды. Қоғамда мемлекетті демократияландыруға, парламентаризм институттарын күшейту арқылы азаматтар алдында биліктің есеп беруіне, монополиялық билік жүйесін нақты тежейтін және қарама-қарсылықтармен ауыстыруға сұраныс туды.
Жолдау президенттің бұл сауалдарға жауабы барын көрсетті. Қ.Тоқаевтың бірнеше шешімдері, мысалы, мемлекеттік аппаратты жемқорлардан «тазарту» және екі төлқұжаты бар сенімсіз «ілесушілерден» құтылу жөніндегі талаптары батыл көрінеді және жаңа миллиардтардың елден шығарылуына тосқауыл қойып, елдің билікке сенімін қайтаруға қабілетті.
Біздің партияның ел қаражатын офшорға шығаратындарға қарсы күрес тәжіріибесіне сүйене отырып, осы тақырыпты нақтылау үшін ұсыныс жасағым келеді. Шет елдерде есеп шоттары барларды ғана емес, олардың шығуына түсінік бере алмайтындарды қолынан ұстау керек. 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибеде «жаппай ұстау» әдісі орнына «шығуы түсініксіз байлық» (Unexplained wealth order) туралы заңнама қолданылатын болды. Онда мекен-жайына қарамастан, адал бизнеске жүк салмай жемқорларды анықтауға мүмкіндік береді.
Басқа да саяси шешімдер ішінен 2021 жылы ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу және жергілікті мәслихаттардың бюджеттік мүмкіндіктерін күшейту туралы ұсынысы ерекше. Осы екі тезис те сөзсіз қолдауға тұрады, президенттің ой толғаныстары мен азаматтық таңдауының жемісі сияқты.
Олар ары қарай да осы мәселелерді дамытуға себеп болады.
Мысалы, әкімдердің тікелей сайлауын өткізудің қисынды жалғасы ретінде қала әкімдерін, оның ішінде, облыс орталықтары мен республикалық деңгейдегі Нұр –Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің тікелей сайлауы болу керек. Бұл бағыт жүйені «үндемей» біртіндеп ырықтандыруды көрсетеді.
Енді мәслихаттардың бюджеттік өкілеттіктеріне байланысты, президент Қ.Тоқаев мәслихаттардың шығындарды бөлу туралы пікірлері ескерлімейтінін және қаралмайтынын атап өтті және мәслихаттарды жылдар бойы шешілмеген мәселелер» бойынша азаматтардың қолдаулары мен петицияларын жинауды тапсырды.
Осы мәселеге баға бере отырып, петициялар жинау мәселені шешеді дегенге сене қоймаймын. Бүгінгі таңда депутаттарға ондаған, жүздеген адамдар ашынып жазып, қол қойған шағымдары келіп түседі Депутаттардың міндетіне атқарушы биліктен нақты шешімдерге қолжеткізуді талап етеді. Өйткені, мәслихаттар өкілетті билік тармағы болып саналады. Ал іс жүзіне келгенде президент атап өткендей олардың өкілеттіктері шектеулі ғана. Осы жерде мәселенің тамыры жасырынуда.
Осыған орай мынаны қоса кетсем деймін, парламентте бюджет шығындары бойынша бірде-бір бастама үкімет келісімінсіз өтпейді, ал ақиқатына келгенде, сайлаушылар өздерінің үміт-сенімдерін министрлерге емес, парламент депутаттарына артып тапсырады. Президент жәйдан-жәй бұл жағдайды «саяси анахронизм» демесе керек.
Сондықтан да мәселелердің шешімі адамдардың қолдарын жинауда емес, өкілетті билік тармағының нақты қызметтерін,парламентаризм принциптерін күшейту, парламенттік республика институтарын енгізу арқылы атқарушы билік өкілеттіктерімен нақты теңестірілуінде.
Реформалар бойынша жоғары кеңес пен стратегиялық жоспарлау мен реформалау жөніндегі агенттікті құру – бұл саяси жемісін артынан көруге болатын ұйымдық шешім ғана. ҰҚСК тәжірибесі көрсеткендей президент іскерлік идеяларды бірден бағалайтынын және оларды жүзеге асыруды аяғына дейін жеткізетінін көрдік.
Менің ойымша, осы қатарға Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшысының міндеті туралы айтқан «шын мәніндегі көппартиялықты дамытуға жұмыс істеу» керектігі жөніндегі белгілі мәлімдемесін де жатқызуға болады.
Жолдаудан алған әсерімді қысқа қорытсам, мыналарды айтуға болады, құжат өзінің мәтінінен гөрі мазмұнымен күшті. Жолдау көптеген жанды мәселелерді қозғады, ең өткір проблемаларды тырнақша ішінде қалдырып, алған бағыттың бетін белгіледі. Осы бағыт қолдауға лайық, өйткені қоғам күтіп жүрген өзгерістер (оны ішінде біз де бармыз) әр түрлі тереңдікте, бірақ барлығымызға ортақ тереңдік екеніне сендіргім келеді
Әрине, Жолдаудың мән-мағынасы айтылғанымен емес, қалай істелгенімен маңызды. Ал шынайы іссіз өзгерістер мүмкін емесі бәрімізге белгілі.