21 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Наурыз – жаңа бастамалардың символы!
“Ақ жол” партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің белсенді
мүшесі, Шәкәрім университетінің Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің кіші
деканы Мұхсийнов Жалғас студенттер арасында Наурыз мейрамын атап өтуді бастады.
Көктемнің шуағын, бірлік пен берекені дәріптейтін бұл мереке – жастардың
басын біріктіріп, ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға мүмкіндік береді. Іс-шара
барысында студенттер халқымыздың салт-дәстүрлерін ұлықтап, наурызкөже дайындалып,
ұлттық ойындар ойнатылды.
Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң, ақ мол болсын!