08
Тамыз

Жамбыл облыстық сайлау штабы үгіт материалдарын таратты

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық сайлау штабының мүшелері, партия филиалының Жастар қанатының жетекшісі Қадыржан Есенов және волонтерлар   тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жастар 23 тамыз күні Құрылтай сайлауында партияны қолдауға шақырды. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында «Ақ жол» Демократиялық партиясы бағдарламасының басымдықтарын таныстырып, үгіт материалдарын таратты.