«Ақ
жол» Демократиялық партиясының Жамбыл облыстық сайлау штабының мүшелері,
Құрылтай депутаттығына кандидат Дәурен Ахметжаев, партия филиалы төрағасының
орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова, партия белсендісі Болат Қожабеков Жуалы
ауданына жұмыс сапары барысында еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.
Спорт кешені және «QazaqGaz
Aimaq» АҚ-ның өндірістік филиалында өткен кездесуде Сейсекүл Дүйсебайқызы «Ақ
жол» Демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына,
ақжолдықтардың ұстанымдарына тоқталды.
Өз кезегінде Дәурен Хайруллаұлы
партия бағдарламасының «Әлеуметтік әділеттілік» тарауындағы белгіленген
міндеттерді қозғады. Ақжолдықтардың табандылығымен шешімін тапқан мәселелерді
айтып өтті.
Болат Қожабеков сала
қызметкерлерін 23 тамыз күні Құрылтай сайлауында белсенділік танытып, сөз бен
ісі үйлесім тапқан «Ақ жол» партиясын қолдауға шақырды.
Жиында тұрғындар мен еңбек
ұжымының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Жұмысшылар өздерін толғандырған бірқатар
маңызды мәселелерді көтерді.

