30
Шілде

Жамбыл облыстық сайлауалды штабы «Өзгерісті «Ақ жолмен» бірге баста!» атты акция өткізді

«Ақ жол» Демократиялық партиясының Жамбыл облыстық сайлауалды штабының мүшесі, Құрылтай депутаттығына кандидат Дәурен Ахметжаев, штаб мүшесі, партияның Жамбыл облыстық филиалының Жастар қанатының жетекшісі Қадыржан Есенов бастаған ерікті жастар Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы Жеңіс саябағында «Өзгерісті «Ақ жолмен» бірге баста!» атты акция ұйымдастырды.

Дәурен Хайруллаұлы саябақта сейілдеп жүрген жастарға, тұрғындарға «Ақ жол» Демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының бағыттарын атап өтіп, 23 тамыз күні Құрылтай сайлауында азаматтық белсенділік танытып, өзгерісті «Ақ жолмен» бірге бастауға шақырды.

Волонтерлар «Ақ жол» Демократиялық партиясының бағдарламасының басымдықтары көрсетілген үгіт материалдарын таратты.