22
Сәуір

Жанаргүл Күлмағамбетова қоғамдық қабылдау өткізді

22 сәуір 2025 жыл, Астана қалалық филиалы

Астана қалалық «Ақ жол» ҚДП-ның қоғамдық қабылдау бөліміне елордалық кәсіпкер әйелдер шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстармен жүгінді. Азаматтарды қабылдауды Астана қаласы мәслихатының депутаты Күлмағамбетова Жанаргүл Жұмабайқызы өткізді.

Қабылдауға келгендер қатарында киізден қолөнер бұйымдарын дайындаумен айналысатын кәсіпкер де болды. Оның этностильдегі туындылары Еуропа мен Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық көрмелерде көрсетіліп, қазақ мәдениеті мен ұлттық стильдің шетелде танылуына үлес қосып келеді.

Кәсіпкердің негізгі өтініші – бизнесін кеңейтуге, толыққанды өндірістік цех ашуға және білікті мамандар даярлау мәселелеріне қолдау көрсету болды.

Қабылдау барысында бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, соның ішінде кәсіби білім беру саласындағы жобалар бойынша түсініктемелер берілді. Әсіресе, қалалық мәслихаттағы «Ақ жол» партиясы фракциясы белсенді түрде ілгерілетіп жатқан шағын индустриялық аймақ жобасына ерекше назар аударылды. Бұл аймақ алдағы уақытта халықтық қолданбалы өнер мен креативті индустрия кәсіпорындарын қоса алғанда, шағын өндірістерді орналастыру мен дамытуға мүмкіндік береді.

Астана қалалық «Ақ жол» ҚДП филиалы кәсіпкерлер мен қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге қолдау көрсетіп, азаматтарды қабылдауды жалғастыруда.