20
Маусым

Жарма аудандық мәслихатының кезекті сессиясында бірқатар маңызды мәселелер қаралды

20 маусым 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Жарма аудандық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы өткізілді.

Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1.      Сессияның күн тәртібін бекіту туралы;

2.      Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің 2025 жылға арналған негізгі жоспарлары мен қазіргі атқарылып жатқан жұмыстары туралы;

3.      Шағын және орта бизнестің даму жағдайы, қолдау шаралары мен осы бағыттағы шешімдерге енгізілетін өзгерістер туралы.

Аталған жиынға Абай облысынан сайланған Жарма аудандық мәслихат депутаты, “Ақ жол” демократиялық партиясының мүшесі Қарақанов Марат қатысып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өз пікірін білдіріп,

ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Мәслихат жұмысы — жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолындағы нақты қадам.