21
Қазан

Жарма ауданында ауыл шаруашылығын дамыту мен жер пайдалану мәселелері талқыланды

21 қазан 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Жарма аудандық мәслихатының кезекті жиырма тоғызыншы сессиясы өтті. Күн тәртібі Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бекітілді.

Сессия барысында келесі мәселелер қаралды:

·        Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың орындалу қорытындылары;

·        “Жер аманаты” бағдарламасы аясында игерілмеген ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару барысы;

·        Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және егістік алқаптарын тиімді пайдалану мәселелері.

Жиынға Жарма аудандық мәслихатының депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі Марат Қарақанов қатысып, талқыланған мәселелер бойынша өз пікірін білдірді.

Бұл сессия ауданның ауыл шаруашылығы саласын дамыту мен жер ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы маңызды басқосу болды.