18
ақпан 2024 жыл, «Ақ жол» партиясының Шымкент қалалық филиалы
Шымкент қалалық мәслихатының депутаты
Мұхтар Шымыров Тұран ауданы халқымен кездесті.
Сарыбай Жұманов көшесінің тұрғындары
көшенің асфальтталмағанына, маусымдық лай-батпақпен күресіп жүргендеріне
шағымданды. Көшеде жарықтандыру мәселесі де бар.
Бұл проблемаларды жергілікті халық 20
жыл бойы көтеріп келе жатқанын жеткізді.
Тұрғындар Абай аудандық әкімдігіне бірнеше рет шағымданғанымен, ешқандай
нәтиже болмаған.
Кездесуде Мұхтар Асқарұлы халықтын
ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Айтылған проблемаларды өз
бақылауына алып, Тұран ауданы әкіміне депутаттық сауал жолдайтының түсіндірді.