29 сәуір 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
Бүгін "Ақ жол" партиясының ШҚО филиалы тыл еңбеккері Мылжабаева
Зияш Сейтқазықызына "Дети войны" медалін табыстады.
Зияш апамыз 1943 жылы 1 ақпанда Катонқарағай ауданының Шыңғыстай ауылында
дүниеге келген. Балалық шағы соғыс жылдарының қиын-қыстау кезеңімен тұспа-тұс
келді. Әкесі Сейтқазы – ауылдағы шебер ұста болып, қолөнер бұйымдарын жасаған,
сол еңбегі үшін майданға алынбаған. Алайда Зияш апаның нағашысы Түркістан
Нұғыманов Сталинград майданында ерлікпен қаза тапқан.
Жолдасы Мерғазы Мылжабайұлы да соғыс кезінде небәрі алты жасында
ересектермен бірге колхоздың ауыр жұмысына араласқан. Ерлер майданда болған
уақытта ол өгізбен жер жыртып, ауыл шаруашылығында еңбек еткен. Осы еңбектің
арқасында Жеңіс туы желбіреді.
Ақ жол партиясы батыр ұрпақтың ерен еңбегін ұмытпайды, қадірлейді!