ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ

Шалқарбеков Мұханбеталы Жеңісұлы

«Ақ жол» ҚДП-ның Жамбыл облыстық филиалының төрағасы

1969 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бірлікүстем ауылында дүниеге келген. 2000 жылы "Құқықтану" мамандығы бойынша Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетін бітірген. 2009 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін "Менеджмен" мамандығы бойынша бітірген.

1986-1987 жылдары - Чкалов ауылының сүт-тауарлы фермасында слесарь болып, жұмыс атқарған.

1987-1989 жж. - Кеңес әскері қатарындағы міндетін атқарған.

1990-1992 жж. - АХБК Жастар орталығында жұмыс істеген.

1992-1998 жж. – Чкалов совхозы директорының Жастар ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

1998-2000 ж.ж. - ҚР "Қазақ радиосы" ТРК филиалында - үйлестіру және маркетинг қызметін атқарған.

2002-2004 жж. - "Казоформление" ЖШС - маркетинг бөлімінде жұмыс істеген.

2004 – 2006 жж. - "National-JS" ЖШС- ның бас директоры.

2006 – 2007 жж. - Алматы қаласы әкімдігінің "АлматыЖер" МКК - өндірістік бөлімінде істеген.

2008-2011 жж. - РМҚК "Алматы қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" - техникалық түгендеу бөлімінің - мемлекеттік сатып алу бөлімін басқарған.

2011-2012 жж. -""Алматы облысы Қапшағай қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы", РМҚК-ның басқарушы орталығының басшысы қызметін атқарды.

2012-2015 жж. - "Маркет Строй Инжиниринг" ЖШС-ның директоры қызметін атқарған.

2014 – 2020 жж. - "DUOS Битум Group" ЖШС- ның құрылтайшысы.

2015 – 2020 жж. - "Абзал Ақтас" ЖШС- ның құрылтайшысы әрі жетекшісі.

2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлуда "Ақ жол" ҚДП- ның атынан Жамбыл облыстық Мәслихатының депутаттығына үміткер ретінде қатысқан.

Үйленген, 6 бала тәрбиелеп отыр".