09
Наурыз

09.03.2022

«Ақ жол»: Ауыл шаруашылығын субсидиялау қағидаларын Салық кодексіне сәйкес келтіруді талап етеді

ҚР Премьер-министрінің

бірінші орынбасары

Р.В. Склярға

«Ақ жол» демократиялық партиясы осыған дейін бұрын берілген субсидиялар бойынша электронды шот-фактураларға түзету енгізуге қатысты мәселе көтерген болатын.

Қазіргі уақытта, кәсіпкерлікті дамыту барысында орын алған мәселелермен бірге, субсидияларды қайтару бойынша, оның ішінде кәсіпкер-жеткізушілерге бұрын бөлінген субсидиялар бойынша электронды шот-фактураларға түзетулер енгізуге байланысты проблемалық мәселе де бар.

Ақмола облысында 49 факті бойынша 465 миллион теңге жалпы соманың субсидиясын электронды шот-фактураларға түзетулер енгізген фактілер бойынша облыстық прокуратураның күмәнін туғызған еді.

Ауыл шаруашылығы басқармасы жоғарыда көрсетілген бағдарламаны жүзеге асыру барасыңда Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығымен бекітілген «Ережелерін» басшылыққа алады.

Ережеге сәйкес субсидия алу үшін қолданған электронды шот-фактураларды кері қайтаруға, күшін жоюға және түзетуге жол берілмейді.

Мұндай жағдайлар Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында да көрініс тауып отыр, 2019, 2020 жылдар кезеңіне субсидияны қайтарудан бас тартқан кәсіпкерлерді Ереже нормасындағы ағаттықтардың кесірінен соттасып отырғанын көреміз. Біз бөлінген субсидиялар бойынша электронды шот-фактураларға түзету енгізуге қатысты жағдайларды айтып, қарастырып отырмыз.

Қазақстан Республикасының Салық кодексі жергілікті жердегі Ауыл шаруашылығы басқармалары ұстанатын Ауыл шаруашылығы министрінің Ережесінен жоғары тұрса да, заң белден басылып отыр.

Бизнестің дамуына кедергі келтіретін жағдайларды тудырмау мақсатында,  нормативтік, құқықтық актілерді өзгертуге жедел түрде назар аударған жөн. ҚР «Құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес әр деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қарама-қайшылықтар болған жағдайда ең жоғарғы деңгейдегі акті нормасы әрекет етеді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде субсидиялау жолдарын қайта қарастыру қажет екенін және бұл тармақты қысқа мерзімде орындауды тапсырып: «Біз субсидия беруді жеңілдетуіміз және қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек» деп атап көрсеткен еді. Бұл ретте бұрын бөлінген субсидиялар бойынша электронды шот фактураларға түзету енгізуге қатысты Агробизнес саласындағы жағдайды назардан тыс қалдырмауымыз қажет.

Осы айтылғандар негізінде «Ақ жол» фракциясының депутаттары  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығымен бекітілген «Егін шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапалылығын арттыруды субсидиялау Ережелерін» Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес келтіру үшін өзгертулер мен  толықтырулар енгізуді жүзеге асыру аса қажет деп санайды.

Құрметпен, «Ақ жол» фракциясының депутаттары

Жауап: