Қазақстан
Республикасы
Денсаулық
сақтау министрі
А.Ғ. Ғиниятқа
Биылғы жылдың 9 қазанында Үкімет сағатында аясында сіз әзірлеушілердің қатысуымен Парламент Мәжілісінің депутаттарына мобильді диагностика мен шалғай ауылдардың тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге арналған ранецті жиынтықтағы «HES-7 денсаулық диагностикасынык жүйесі» инновациялық медициналық жабдығын таныстырдыңыз.
Өзіңізге белгілі, көптеген ауылдарда емханалар мен медициналық зертханалар жетіспейді, бұл ауылдық жерлерде тұратын қарттар, мүгедектер және аз қамтылған отбасылар үшін ем алуды іс жүзінде қолжетімсіз етеді. Бұл мәселені шешу үшін медицина қызметкерлеріне үйлерді аралап, сынамалар алу, экспресс-диагностика (соның ішінде ЭКГ және мобильді зертхана), онлайн кеңес беру және мобильді режимде тұрғындарға медициналық көмек көрсету мүмкіндігін беретін аталған жүйе әзірленді. Бұл жүйе Денсаулық сақтау министрлігінде тіркелген (анықтама қоса беріледі), бес облыста мыңнан астам науқасты қамтыған тәжірибелік сынақтан өтіп, жоғары тиімділігін көрсетті.
Бұл жабдыққа қажеттілікті 17 облыстың денсаулық сақтау органдары растады, әзірлеушіге 6,5 мың ранецті жиынтыққа өтінімдер түсті.
Сонымен қатар, жоспарлы бюджеттік қаржыландырудың болмауына байланысты
әзірлеуші ауылдық емханаларды осы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді бюджеттен
тыс қоғамдық қор арқылы қаржыландыру мәселесін де қарастырған (хат қоса
беріледі).
Бұл ретте, рәсімдерді іске қосу үшін жабдықты Денсаулық сақтау министрлігінің өзі 2022 жылы ресми тіркегенін ескере отырып, оны пайдалануға Денсаулық сақтау министрлігінің ресми келісімі қажет.
Алайда, бізге жүгінген әзірлеушілер хабарлағандай, бұл жүйені пайдалануға келісім беру үшін Денсаулық сақтау министрлігіне жолдаған өтініштері жарты жылдан астам уақыт бойы жауапсыз қалып, ауылдық медициналық пункттерді онымен жабдықтауға кедергі келтіріп отыр. Олардың мәселені анықтау әрекеттері еш нәтиже бермеуде.
Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы отандық «HES-7 денсаулық диагностикасының жүйесін» әзірлеушілердің өтінішін қарастыруды және осы инновациялық жобаны іс жүзінде қолданудың болашақ тағдырын шешуді сұрайды.
Қосымша: ____бетте.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары
Садықов А.А.
Перуашев А.Т.
Еспаева Д.М.
Барлыбаев Е.Х.
Иса Қ.Ж.
Бейсенбаев Е.А.