26
Қазан

26.10.2022

«Ақ жол»: Битум өндіретін зауыттардың қуаттылығын арттыру керек

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Ә.А. Смайыловқа

Өздеріңіз білетіндей, елімізде автомобиль жолдардың құрылысы және сапасы үшін күрес қызу жүріп жатыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың 95 пайызын жөндеу, ретке келтіру, сондай-ақ сапасын арттыру қажеттігі жөнінде тапсырма берген болатын.

«Ақ жол» партиясы жол саласындағы кәсіпкерлермен кездесу барысында осы тапсырманы атқару кезінде жергілікті жолдардың құрылысы мен сапасын арттыруға кедергі келтіріп отырған бірнеше проблемалар бар екендігіне көз жеткізді. Оның бірі авто битумының жетіспеушілігі(!) Қазақстанда битум өндіретін 3 зауыттың қуаты жылына миллион тоннадан аспайды. Ал авто битумының елімізде қажеттілігі одан әлде қайда көп.

Оған қоса, өз өндірісі жетпей жатқан кезде шетелден жол битумын импорттауға министрлік тарапынан тыйым салынған.

Сонымен қатар, жол салу маусымында кәсіпкерлер инеттік материалдарды жеткізу кезінде теміржол саласында да кедергілер бар екендігін айтады.

Атап кетсек: Дер кезінде вагондардың және маневрлық тепловоздардың жетіспеушілігі, жаңармайдың қымбатшылығы, тағы басқа...

Нәтижесінде мердігерлер өз жұмыстарын уақытында аяқтамай салдарынан қара тізімге еніп, келесі мемлкеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігінен айырылып, көптеген жұмыс орындарын қысқартып, кейде банкротыққа да соғып, халық арасында жұмыссыздар санын көбейтуге мәжбүр.

Мемлекет басышысы Жолдауында Қазақстан сияқты ірі мұнай өндіруші ел үшін битумның жетіспеушілігі нонсенс деп атады. Осы уақытқа дейін битум тапшылығы өз шешімін таппай, ҚР Президентінің тапсырмасы орындалмауда, керісінше шағын және орта бизнесті дамуына кедергі жасалуда.

Сол себепті еліміздің жол саласындағы кәсіпкерлер зардап шегіп, мемлекеттік бағдарлама іс жүзінде орындалмай, Республика бойынша жолдың құрылысы баяу, сапасы төмен болуда(!).

Осыған орай, құрметті Әлихан Асханұлы, көтеріліп отырған мәселенің аса маңыздылығын ескере отырып:

1. Келесі жол салу маусымына дейін еліміздегі битум өндіретін зауыттардың қуаттылығын арттырып, мердігерлерге зауыттармен тікелей келісімшарт жасауға мүмкіндік беруге;

2. Жобалық сметалық документацияларды даярлау кезінде дамыған елдердін FIDIC тәжірибесін ескеріп, битумды үнемдейтін жаңа технологияларды еңгізуге;

3. Битумның жетіспеушілігінен, мемлекеттік шектеулер себебінен, кәсіпкерлердің өз міндеттемелерінің уақытынан кешігуін форс-мажор деп қарап, қатысушыны мемлекеттік сатып алудың шарттары бойынша қара тізімге еңгізбеуді және осы іске тиісті мемлекеттік органдардың нақты іс-шараларын реттеуге ықпал етуіңізді сұраймыз.

 

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары