Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің
бірінші орынбасары
Склярға
«Ақ
жол» демократиялық партиясы өткен жылыту маусымындағы апаттарды ескере отырып,
былтырғы жылдың 30 қарашасы мен 21 желтоқсанында, сондай-ақ, 2023 жылдың 18
қаңтарында Үкіметке сол апаттардың салдарын жойып, болашақта қайталанбауының
алдын алу мәселелерін көтеріп депутаттық сауал жолдаған болатын.
Одан
бөлек, жаңа маусымға дайындық кезеңінде биылғы жылдың 15 мамыры, 14 маусымы
және 4 қазанындағы сауалдарымызда осы тақырыпты тағы да көтеріп, қорытынды
шығарып, жылу энергетикасын жаңарту және жаңғырту бойынша тұрақты жұмыстарды
жөнге келтіруді ұсындық.
Мемлекеттік
органдардың сауалдарымызға берген жауаптары көңілге қонымды болғанымен,
өкінішке орай, енді ғана басталған аяз көтеріңкі көңілді су сепкендей басты.
Енді, міне, бүкіл ел жылу беру маусымын үрейлене бастан өткеріп отыр.
Осыған
орай, «Ақ жол» демпартиясы әріптестеріміздің осы мәселе бойынша бүгінгі
депутаттық сауалын қолдайды.
Қазіргі
жағдайда биылғы маусымдағы оқиғалардың қалай өрбитінін болжау қиын екенін
түсінеміз.
Сондықтан,
Үкіметте жылу-энергетика саласындағы қордаланып қалған мәселелерді кешенді
түрде шешудің ұзақ мерзімді жоспарлары бар ма, бар болса бұл жоспарлардың
қандай екенін хабарлауды сұраймыз.
«Ақ
жол» фракциясының бұған дейінгі сауалдарында да бұл сұрақ дәл осылай қойылған
болатын, енді белгілі болғандай, сол сауалдарымызға сенімсіз жауаптар алып
келіппіз.
Құрметпен,
«Ақ
жол» фракциясының депутаттары
Е.Барлыбаев
А.Перуашев
Д.Еспаева
Қ.Иса
А.Садықов
Е.Бейсенбаев