ҚР Премьер-Министрі
Ә. А. Смайыловқа
Президент Қ.Тоқаев биылғы Жолдауында «Біріншіден, нақты салаларға қатысты шешімдерді әзірлеу және орындау міндеті, сондай-ақ түпкі нәтиже үшін жауапкершілік толығымен министрлерге жүктеледі... Бұл – әкімдерге де қатысты мәселе.
Екіншіден, экономикалық саясаттың іске асырылуына Үкімет толығымен жауап береді. Бюрократияға... салынбай, Президент Әкімшілігіне жалтақтамай, экономиканы дербес басқарудың барлық әдіс-тәсілдерін қолында ұстауға тиіс» -
- деп Үкіметке нақты тапсырма берді.
«Ақ жол» фракциясы бұл шешімді, осы Жолдаудағы ең маңызды бастамалардың бірі деп санайды. Өйткені, бұл деген - демократия мен шенеуніктердің жеке жауапкершілігі жолындағы нақты қадам.
Мемлекет басшысы Үкімет мүшелерін Президент Әкімшілігінің қадағалауынан босатып, оларға іс-әрекет еркіндігін беріп, сонымен қатар жауапкершілікті мойнына алуды тапсырды.
Бұл шешім, «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына толығымен сәйкес келеді деп есептейміз, яғни, Үкімет бұдан былай, Әкімшіліктің емес, Президент пен Парламенттің алдында есеп беруі тиіс.
Алайда, Үкімет бұл тапсырманы орындауға әлі де асығатын емес.
Сауатты болып көрінетін министрлер, жауапты сәтте жалт беріп, Әкімшіліктен «құнды нұсқауларды» күтетіндігін көріп жүрміз.
Әліге дейін, күрделі мәселелер тек Президенттің тікелей бұйрығынан кейін ғана қабылданады. Қарағандыдағы шахтада жарылыс, немесе Алматыда хостел өрт сияқты қоғамда резонанс тудырған оқиғаларды алсақ, тағы да Президенттің өзі араласуға мәжбүр болды
Сол сияқты, Мәжіліс депутаттарының заң шығарушылық жұмысының барысында да, батыл нормалар енгізілетін болса, министрліктердің өкілдері соны Үкіметтің қорытындысына жіберуды сұрап, ал сосын Президент Әкімшілігінің пікірін күту тәжірибе жиі таралған.
Бұл, Президент Жолдауындағы жоғарыда аталған тапсырмаға қайшы келеді.
Сондықтан, Президент Әкімшілігінің нұсқауларынан Үкіметтің жұмысын дербес ету жөнінде Мемлекет басшысының тапсырмасы, оған тиісті серпін мен динамика береді деп сенеміз.
Президент өз Жолдауында атап өткендей, жаңа экономикалық саясаттың қағидаларын нақты айқындаумен қатар, әрбір министр өз саласы бойынша жауапкершілікті, ведомстволық саясатты жүзеге асыруды өз мойнына алуы қажет.
Осыған байланысты, «Ақжол» Демпартиясының фракциясы келесі сұрақтарға жауап беруді сұрайды:
1) Президенттің Жолдауындағы тапсырмасын жүзеге асыру бойынша Үкіметтің және үкімет мүшелерінің шешімдері өздігінен дербес болу үшін қандай нормативтік өзгерістер енгізілді?
2) Бұл өзгерістерді іске асыру үшін қандай заңдарға (мысалы, «Үкімет туралы» Конституциялық заңға) тиісті толықтырулар керек, Үкіметтен осындай бастама бола ма, болмаса Мәжіліс депутаттары бұл жұмысты қолға алуға дайын.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары:
А.Перуашев
Д.Еспаева
Қ.Иса
Е.Барлыбаев
А.Садыков
Е.Бейсенбаев