16
Ақпан

16.02.2022

«Ақ жол»: Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациялар бизнестің дамуына кедергі келтіре бере ме?

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары

Р.Склярға

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, квазимемлекеттік сектордың жұмысын қатаң сынға алып, мысал ретінде «Самрұқ-Қазына» қорының жұмысы ашық және функционалды болу керектігін айтып, болмаса бұл қормен қош айтысуға дайын екенін білдірді.

«Ақ Жол» фракциясы үнемі квазимемлекеттік секторды реттеу қажеттілігі туралы депутаттық сауалдар жолдап келеді. Сонымен қатар, «Самрұқ-Қазына» қорының аймақтардағы көлеңкесі болып табылатын және жергілікті даму институты деп есептелетін СПК туралы нақтырақ тоқталуды жөн көрдік. Партиямызға СПК-ның жұмысына наразы кәсіпкерлерден арыз-шағым көптеп түсуде.

Естеріңізге сала кетейік, СПК - мемлекет пен бизнестің әріптестігі, және өңірдің әлеуметтік экономикасын дамыту үшін, Үкіметтің 2012 жылғы қаулысымен бекітіліп, құрылған болатын.

Үкімет Корпорация туралы заң жобасын 2008 жылы Парламентке енгізіп, Мәжілісте қызу талқылау басталғаннан кейін, кері қайтарып алған болатын, яғни, СПК-ның қызметі бүгінге дейін заңмен реттелмеген.

Сондықтан, бұл корпорация бүгінгі күнде ешқандай ортақ ережесіз құрылым. Әрбір әкімдік оны өзінше қолдануда. Шын мәнінде бұл мекеме, делдалдың рөлін атқарады, олардың не жоба менеджерлері, не мемлекет өкілі, не кәсіпкерлер екені түсініксіз.

Корпорация кәсіпкерлерді қолдау құралының орнына, олардың проблемасына айналуда. Мысалы, кең тараған пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсат беру немесе жер учаскесін сұрау, не инфрақұрылым керек кезінде, СПК жарғылық капиталға бір тиын салмастан мекеменің меншігіне 30%-ға дейін қатыстыруын талап етеді, ал бұрын кәсіпкер мұндай рұқсатты жергілікті органдардан тікелей және тегін алатын. Тегін қолдауының орнына, меншігін талап ететін мекеменің қызметі – кәсіпкерлікке қолдау ма, әлде тонау ма? – үлкен күмән тудыратын мәселе.

Мысалы, бизнес-омбудсменнің айтуынша, СПК жалпы есеп бойынша 2017 жылды 2,5 млрд. теңге шығынмен аяқтаса, не бәрі 1 жылдың ішінде ол алты есеге өсіп, 2018 жылды 15,5 млрд. теңге шығынмен аяқтаған. Алайда бұл өзі шығарған есебі. Айта кететін жайт, осы СПК-лардың бюджеттері қоғам үшін беймәлім және олардың есептері ешқандай мемлекеттік құжатпен реттелмеген.

Оған қоса, мемлекеттік органдар корпарацияны коррупция құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар, корпорация тарапынан халық тұтынатын өмірлік маңызы бар тауарлардың бағасын төмендету мәселесінде немқұрайлық, яғни, өз мақсаттары мен міндеттерін орындамау және тиісінше жүзеге асырмау байқалады, нәтижесінде жергілікті бюджет қана емес, кәсіпкерлік субъектілері және халықтың әлеуметтік осал топтары да зардап шегуде.

СПК-ның қызметінде барлық көрсетілген кемшіліктер, тиісті органдар тарапынан нақты бақылау болмауының нәтижесі деп білеміз.

Негізінде, шағын және орта бизнестің дамуын қолдамасақ, мемлекет экономикасының дамуы, халықты жаппай жұмыспен қамту сияқты міндеттер жайлы айту қиын.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, «Ақ Жол» депутаттық фракциясы келесіні талап етеді:

1. Өңірлердегі СПК-лардың мақсаты мен рөлін айқындау қажет, дәл осы түрде қала берсе - бұл ұйым бизнесті дамытуға кедергі келтіреді, сондықтан оларды таратуға жататын тиімсіз институт деп тану қажет.

2. Егерде Үкімет бұл институтты сақтап қалғысы келсе, онда Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясының құзіретін арнайы бір тәртіпке келтіріп, заңмен бекітіп, осы корпорациялар кәсіпкерлердің меншігіне, ішкі жұмысына араласпайтын болуы керек.

3. «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заң аясында СПК-ны қаржыландыру, қаражаты мен қызметі үшін есеп беруін, тиімділігін қадағалауды жергілікті мәслихатқа жүктеу.

4. СПК табатын табысы болса, оны толығымен жергілікті бюджетке салып, қоғам үшін ашық түрде пайдалану қажет. Әсерісе топ-менеджерлердің жалақысы, сыйақысы, бонустары мен офис-көлкітерін де мәслихат бекіту тиіс.

Құрметпен «Ақ жол» фракциясының депутаттары

Жауап: