22
Маусым

22.06.2022

"Ақ жол" май саласы кәсіпорындарын қолдайтынын мәлімдеді

Сауда және интеграция министріне

"Ақ жолға" Ресей мен Беларусьтің ұлттық стандарттарын енгізу мәселесі бойынша "Маслодел" компаниялар тобының кәсіпорындары, отандық май-тоң май өнімдерінің 30% қамтитын өндірушілер жүгінді.

Айта кетейік, ДДҰ тамақтанудағы трансизомерлер/транс майлардың азаюын бірқатар аурулардан қорғау ретінде қарастырады. Осыған байланысты, 2018 жылдан бастап Кеден одағының май өнімдеріндегі трансизомерлердің құрамы туралы нормативі күшіне енді, ол өнімдегі майдың жалпы мөлшерінің 2%-ынан аспауы тиіс.

Енді СЭС кәсіпорындарда тексерулер жүргізіп, олардың зертханалық зерттеулерінің негізінде сәйкестік туралы декларацияларды алып тастауда, транс майлары бар өнімдерді өндіруге және сатуға тыйым салынып, айыппұлдар қолданылуда. Соңғы жылы тексерулердің ұзақтығы 127 күннен асты, тексерушілердің іс-әрекеттеріне қадағалау инстанцияларына шағымдану нәтижесіз болып отыр. Бір ғана айыппұл шамамен 5 миллион теңгені құрайды. Егер жағдай өзгермесе, онда кәсіпорындар жабылып, 2600-ден астам қызметкер жұмыссыз қалады, бюджет 2 миллиардтан астам жылдық салықтан айырылады.

Еуропалық Одақта транс майлар туралы заңнаманың толық бірлігі жоқ: кейбір елдерде шектеулер бар (Австрия, Венгрия, Исландия, Норвегия және Швейцария), Швецияда тыйым жоқ, тек мазмұнды барынша азайту туралы ұсынылады.

Транс майларға шектеулер енгізген кезде өндірушілер оларды бір нәрсемен алмастыруға мәжбүр. Жалғыз мүмкін ауыстыру зиянды, бірақ арзан пальма майы болып отыр. ДДҰ бюллетенінде жарияланған баяндамада "пальма майын жеу семіздікке және созылмалы аурулардың жаһандық деңгейде дамуына әкеледі және оны өндіру табиғатқа орны толмас зиян келтіреді" делінген. Сонымен қатар, авторлар пальма майын өндіру және сату саласын темекі және алкоголь өнеркәсібімен салыстырады - зиян деңгейі бойынша да, пайда табу үшін тұтынушылардан шындықты жасырған лоббистердің күш-жігері бойынша да. Егер қазір шара қолданданылмаса, пальма майы бар өнімдер одан да көп болады.

Транс майлар мен пальма майының зияндылық дәрежесі толық зерттелмеген, бірақ транс майлар пальма майын өндірушілер үшін жауапты бизнеске қысым жасау құралына айналды.

"Маслодель" күнбағыс және рапс майларын, сиыр сүтін пайдаланады. Сүттің құрамында табиғи транс майлары бар, сондықтан олар өңделген өнімдерде де бар - қарапайым табиғи майдың құрамында 11% транс майлары бар.

​Транс майлардың 9% - ы емшек сүтінде де бар, бірақ бұл емізуді болдырмауға негіз емес!

Жоғарыда айтылғандардың негізінде "Ақ жол" фракциясы келесілерді талап етеді:

1. ҚР Ұлттық стандарттары ретінде ГОСТ 31754-2012 РФ немесе СТБ ИСО 15304-2007 РБ бекіту туралы ТРМК бұйрықтарының күшін жою.

2. Біздің болмысымызды ескере отырып, өзіміздің ұлттық стандартымызды қабылдау.

3. СЭС-ке өндірушілердің сәйкестік туралы декларацияларын керісінше сотта дәлелденгенге дейін жоюға тыйым салу.

Ұлттық стандарттау жүйесін қалыптастыруды, отандық өндірушілерді қолдау үшін ұлттық стандарттардың рөлі мен мәртебесін арттыруды қажет деп санаймыз.

Құрметпен,

"Ақ жол" фракциясының депутаттары