Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б.Мусинге
Соңғы деректер бойынша еліміздің 8,5 млндай азаматтары облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда тұрады. Бұл олар тұратын қалалардағы спеццондарға қолжетімді адамдар. Ал, қалған 10,5 млн адам қызметтер алу үшін облыс орталықтарына баруға мәжбүр. Жыл сайын жүздеген мың қазақстандық 18 жасқа жетіп, автокөлік жүргізу құқығына ие болады. Мысалы, Үржарда тұратын жас жігіт жүргізуші күәлігіне емтихан тапсыру үшін Өскеменге дейін 480 шақырым жол жүруі керек.
Жалпы алғанда, егер бұл адам таңертең келіп, практикалық және теориялық емтихандарды тапсырса, сол күннің соңына дейін құжатын ала алады. Бірақ ол үшін оған бір күн бұрын Үржардан шығып, ақшасы болған жағдайда, таксимен кемінде 8 сағат жол жүріп келуі керек.
Содан кейін кем дегенде 2 түнге қонақүй жалдау немесе пәтер жалдауы қажет, өйткені келесі күні ол таңертең ерте кетеді, ал кешке кері сапарға шығу қауіпті. Бұл уақыт үміткердің жолы болып, емтиханды бірден тапсырған жағдайда ғана жеткілікті. Ал оның жолы болмай, емтиханды тапсыра алмаса бір жетіден кейін тағы да осыны қайталау қажет.
Мұндай жағдай тек Шығыс Қазақстан облысында ғана емес, өзге де аймақтардағы көлік жүргізу куәлігі жоқ адамдарға да қатысты.
Біздің облыстарымыз да үлкен: Қарағандыдан Жезқазғанға дейін 528 шақырым, Оралдан Бөкейордаға дейін 550 шақырым, Арқалықтан Қостанайға дейін 465 шақырым және әр облыста осылай.
Бұл ең шалғай ауылдарды айтпағанда, аудан орталықтарынан облыс орталығына дейінгі орташа қашықтық. Ал 2 млн-нан астам тұрғыны бар Түркістан облысының тұрғындары Шымкент пен Алматыға баруға мәжбүр, өйткені бүкіл облыста, тіпті Түркістанда сертификатталған автодром жоқ.
Жақында ғана әлеуметтік желіден Шымкент қаласына жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыруға келген азаматтардың мамандандырылған цонның есігіне симай дуалынан секіріп кіргенін барлықтарыңыз көрдіңіздер. Бұл халыққа қызмет көрсету емес- бұл халықты мазақ етіп, қорлау!
Сонымен, біздің еліміздің көптеген азаматтары үшін жүргізуші күәлігіне емтихандарын тапсыру үшін спеццондарға, облыс орталығына бару үлкен шығындарға әкеледі, тіпті егер адамдар өз көлігін сатып алуға мүмкіндігі болмаса да, барлығы дерлік көлік жүргізуге құқылы. Оның үстіне, автокөлік қазіргі заманда сән емес, күнкөріс қаражатын табуға көмектесетін құрал. "Халықтың жартысында ай сайынғы табыс 50 мың теңгеден аспайды. Мұндай ақшаға, әрине, өмір сүру мүмкін емес", - деді Мемлекет басшысы.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Ақ жол депутаттық фракциясы келесіні сұрайды:
1. Қолданыстағы тәртіпті қайта қарап, жергілікті тұрғындардың тығыздығы мен елді мекендердің ара қашықтығын,қатынау мүмкіндігінің халыққа қолайлылығын ескере отырып, әр облыста кемінде үш-төрт ауданаралық мамандандырылған ХҚКО ашу.
2. Өз автодромы бар немесе оны салуға дайын кәсіпкерлерге жүргізуші куәлігіне тапсыруға практикалық емтихандар үшін қызмет көрсету мүмкіндігін ұсыну.
Құрметпен, “Ақ жол” партиясы фракциясының депутаттары
Жауап: