Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Р. В. Склярға
Қазақстан әлемдегі ең ірі мұнайэкспорттаушылардың қатарында бола тұра, соңғы жылдары елімізде жанар-жағармай тапшылығы жүйелі сипат алып отыр.
Мұнай экспорттаушы елдің ішкі нарығында бензин мен дизель отыны жетіспей, оның үстіне экспортқа тыйым салуға мәжбүр болуы – ақылға сыймайтын парадокс. Бұл жағдай халықты да, кәсіпкерлер қауымдастығын алаңдатып отыр.
Қазақстанда үш ірі мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейтіні баршамызға мәлім. Алайда олардың жиынтық қуаты ішкі нарықты автомобиль отынымен, битуммен және өзге де мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Оған қоса, мұнай өңдеу зауыттарының егін егу немесе жинау науқаны кезінде жөндеуге жабылатыны жиі кездесіп, жағдайды күрделендіре түседі.
Бұл мәселе, экономиканың қажеттіліктерінің өсуі және мұнай өнімдерімен үздіксіз жабдықтауды талап ететін ауқымдыинфрақұрылымдық жобалар үшін ерекше қауіп тудырады. Сонымен қатар, осы мұнай өнімдерінің импортына тәуелділік, еліміздіңэнергетикалық қауіпсіздігіне де тікелей қатер.
Аталған мәселеге балама шешім ретінде — Еліміздегі шағын мұнай өңдеу зауыттарының әлеуетін тиімді пайдалану. Қазіргі уақытта осындай 30-дан астам шағын зауыт бар, ал олардың жиынтық өңдеу қуаты жылына шамамен 7 млн. тонна шикізатты құрайды.
Бірақ, бұл зауыттардың жұмысы бірқатар жүйелі мәселелерге байланысты шектелуде. Қазақстанның тәуелсіз мұнай өңдеу және мұнай-химия компанияларқауымдастығы «Ақ жол» демпартиясына келесі мәселелер бойынша жүгінді.
1 – мәселе - Шикізатпен қамтамасыз ету.
Шағын мұнай өңдеу зауыттары шикізаттың қажетті көлеміне кепілдік ала алмай, олардың дамуы мен жаңғыртуына кедергі келтіруде. Себебі, мұнай өндіруші компанияларға (!) мұнайды қазақстандық бағамен ішкі нарыққа жеткізуден гөрі, халықаралық котировка-лар бойынша экспорттау әлдеқайда тиімді.
Ал Энергетика министрлігі шағын зауыттардың алдына жеңіл мұнай өнімдерінің шығым сапасын 45 пайызғадейін арттыру міндетін қойып отыр. Бұл қымбат жабдықтарды сатып алуға және айтарлықтай инвестицияларды қажет етеді.Өз алдына бұл, шикізатты тұрақты жеткізусіз және қол жетімді қаржыландыру көздерінсіз мүмкін емес.
Мәселе 2. Өңделген мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салу.
Қазір орын алып отырған, нафта, кеме жәнепеш отынының экспортына шектеулер, шағын зауыттардың қаржылық тұрақтылығына және жалпы ел экономикасына кері әсерін тигізуде. Мәселен, нафта экспорты, кезінде ай сайын тек экспорттық баж есебінен 600 млн теңге бюджетке қаржы түсірген. Айта кетсек, көршілес мемлекеттер нафтаны ешқандай шектеусіз экспорттап, пайдасын көріп отыр.
3. Шағын мұнай өңдеу зауыттарының әлеуметтік-экономикасына келсек, аймақтарды отынмен қамтамасыз етуде және жұмыс орындарын құруда маңызды рөл ойнайды. Олардың әрқайсысында 80-нен 130-ға дейін адам жұмыс істейді. Оған қоса, олардың қызметіне өрт сөндіру деполары, қауіпсіздік агенттіктері, азық-түлік, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар жеткізушілері қатысып, қосымша жұмыс орындарын ашыпжергілікті кәсіпкерлердің дамуына өз ықпалын тигізеді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Ақ жол» фракциясы келесіні ұсынады:
1. Мемлекеттік бақылау күшейтілген жағдайда (!) нафта, кеме және пеш отынынаэкспорттық шектеулер алынып тасталсын;
2. Ашық түсті мұнай өнімдерін шығуын ұлғайтуға бағытталған жабдықтарды сатып алу үшін (!) мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы әзірленсін;
3. Бизнес өкілдерінің міндетті қатысуымен,мұнай жеткізу кестесін қалыптастыру-дың ашық және әділ тетігі жасалсын;
4. Шағын мұнай өңдеу зауыттары Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу саласын дамытудың 2024-2050 жылдарға арналған тұжырымдама жобасына енгізілсін.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары
С. Ерубаев
А. Перуашев
Д. Еспаева
Е. Барлыбаев
Қ. Иса
Е. Бейсенбаев