ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
Е. Жамаубаевқа
ҚР Бас Прокуроры
Б. Асыловқа
«Ақ жол»
партиясына әртүрлі өңірлерден (Шымкент, Қызылорда және т.б.) кәсіпкерлердің
мемлекеттік кірістер органдары тарапынан олардың заңды құқықтарын бұзу
фактілері бойынша өтініштері келіп түсуде.
Бұл өңірлерде ШОБ субъектілері «ҚР ӘҚБтК» 266-бабы
бойынша әкімшілік жауапкершілікке белсенді тартыла бастады. Бұл бап заңды
тұлғалар арасында 1000 АЕК-тен асатын сомасы бар мәмілелер бойынша қолма-қол
ақшамен төлегені үшін салықтарды және айыппұлдарды қайта өндіріп алуды
көздейді. Тек Шымкенттің өзінде мұндай істер 242 бизнес субъектісіне қатысты
қозғалған. Шамамен бағалаулар бойынша, Мемлекеттік кірістер органдарынан
осындай қысымға ұшыраған кәсіпкерлердің жалпы саны бір жарым мыңға жуық немесе
осы қаладағы кәсіпкерліктің әрбір төртінші субъектісін құрайды. Бизнес өкілдері
салық салушылардың әрекетімен келіспейді. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы»
Заңға сәйкес, сомасы 1000 АЕК-тен асатын мәміле бойынша төлемдерді ҚҚС төлеуші
ретінде есепте тұрған ЖК немесе басқа ЖК немесе заңды тұлғаның пайдасына заңды
тұлғалар тек қолма-қол ақшасыз тәртіппен жүзеге асырады.
Сол заңға сәйкес, 1000 АЕК-тен аз мәмілелер (бүгінде бұл шамамен 3 млн. тг)
қолма-қол төлеу арқылы жасалуы мүмкін.
Әкімшілік істер қозғалған кәсіпкерлер заңды тұлғалар арасында қолма-қол
ақшамен кейбір есеп айырысуларды жүзеге асырды, бірақ мұндай мәмілелердің
сомасы 1000 АЕК-тен аспады және бұл ретте әрбір мәмілеге жеке шарттар жасалды.
Осылайша, заң бұзылған жоқ.
Алайда, қазір салық төлеушілер тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің түрлілігіне
қарамастан және оларды жасасу кезеңіне қарамастан, соңғы 3 жылда бір тұлғалар
арасында жасалған мәмілелерді кәсіпкерлер салықтардан жалтару мақсатында жасанды
түрде бөлшектелген» «бір мәміле» деп санайтын заңсыз тәсілді ойлап тапты.
Бүгінде өмір сүріп жатқан шағын және орта бизнес үшін - мұндай «көреген
қулық» - бір мәмілені үш жылға созуды елестету мүмкін емес. Маған сеніңіз,
ШОБ-та ешкім тауардың жеткізілуін, оның үстіне оның төлемін 3 жыл күтпейді.
Мемлекеттік кірістер органдарының дәлелдері аудитсіз, тергеу органдарының
қорытындысынсыз тек олардың болжамдарына негізделген.
Енді заңды түрде 1000 АЕК-ке дейін қолма-қол ақша сатып алған
кәсіпорындарға бұрын төленген салықтар мен айыппұлдар қосылады, ал біз кәсіпорынның
жылдық айналымының 37%-на дейін болатын кейбір жағдайлардағы күрделі сомалар
туралы айтып отырмыз. Шын мәнінде, бұл адал бизнеске қосарланған салық салу
туралы. Көптеген шағын және орта бизнес үшін бұл өлім жазасымен тең.
«Ақ жол» фракциясы салық органдары заңдарды тағы да өзінше түсіндіреді деп
санайды. «Төлемдер және төлем жүйелері» Заңында мәміле бойынша төлемдер туралы
айтылған. «Мәміле» сөзі жекеше түрде қолданылады, яғни 1000 АЕК шегі бір мәміле
бойынша төлемге қолданылады. Бұл ретте заңнамада белгілі бір салық кезеңі үшін
мәмілелер саны бойынша шектеулер жоқ.
Бұдан басқа, Ұлттық Банк өзінің ресми түсіндірмесінде ҚҚС төлеуші ретінде
есепте тұрған заңды тұлғамен немесе ЖК-мен жасалған бір шарт (мәміле)
шеңберіндегі жалпы соманы да көрсетеді.
Мемлекеттік кірістер органдарының бір мәміле шеңберіндегі бөлшек төлемдер
туралы дәлелдері негізсіз болып табылады, өйткені төлемдер бірқатар мәмілелер
бойынша жасалған, бұл ретте заңнамада «бөлшек төлемдер» ұғымы жоқ. Мемлекеттік
кірістер органдарының лауазымды адамдарының өкілеттіктерін асыра пайдалануы
және іс бойынша шешім шығару кезінде тиісті тәсілдің болмауы байқалады.
Сонымен қатар, істерді қарау кезінде Мемлекеттік кірістер органдары өрескел
процестік бұзушылықтарға жол береді.
Мәселен, кейбір қаулылар салық төлеушілердің қатысуынсыз шығарылды және
егер істі қарау кезінде шарттар талап етілмесе және зерделенбесе және
түсініктемелер алынбаса, салық органы құқық бұзушылық жасау фактісін және
кәсіпкерлердің кінәсін қалай анықтағаны түсініксіз. Бұл ретте салық салушылар
мәмілелер бір сұрақ бойынша жасалған деп мәлімдейді.
Мемлекеттік кірістер органдары материалдарды және шарттарды зерделемей, ЭШФ
деректерін талдау бойынша камералдық бақылау негізінде әкімшілік істерді
қозғайды. Бұл ретте мемлекеттік кірістер органдары қызметкерінің түрлі тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір мәмілемен сатып алу жөніндегі кейбір
тұлғалар арасындағы мәмілені айқындау жөніндегі субъективті пікірі нормативтік-құқықтық
актілерден жоғары қойылады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты «Ақ жол» фракциясы келесіні талап етеді:
1. ҚР «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының 25-бабының, ӘҚБтК
266-бабының нормаларын заңды түсіндіруді және қолдануды қамтамасыз ету, оны
түсіндіруді бұрмалау мүмкіндігін болдырмауды.
2. Көрсетілген өңірлердегі мемлекеттік кірістер департаменттерінің
іс-қимылдарының заңдылығын тексеруді.
3. Заңнаманы бұзушылықтар расталған жағдайда, Мемлекеттік кірістер органдары - прокурорлық ден қою шараларын қабылдауды.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары