Қазақстан
Республикасы
Қаржы министрі
М. Т. Такиевке
Қазақстан
Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау
министрі
С. Қ. Жақыповаға
«Ақ жол» депутаттық фракциясына, мемлекеттік сатып алуға қатысу арқылы өз қызметін
жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер жүгінді.
Кәсіпкерлер,
мемлекеттік сатып алу веб-порталында жаңа сатып алу ережелеріне сәйкес, еңбек
ресурстарын қызметкердің біліктілігі туралы құжаттың электрондық көшірмесімен,
сондай-ақ қызметкердің ЭЦҚ немесе еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі
арқылы растау қажеттілігі бөлігінде жасалған модификациялардың біріне қатысты
қатты алаңдаушылық білдіруде (enbek.kz).
Алайда, жеке
кәсіпкерлерге, порталда туындаған техникалық қатеге байланысты, қызметкердің
ЭЦҚ көмегімен еңбек ресурстарын растай алмайтын жағдай қалыптасты.
Сонымен қатар,
еңбек ресурстарын, enbek.kz жүйесі арқылы растау да тиісті түрде жұмыс
істемейді.
Порталдың
техникалық қолдау қызметі, enbek.kz жүйесімен интеграция жасалуы
күтілетіндігін, бірақ бұл интеграцияны енгізу мерзімі белгісіз екендігін
мәлімдеуде.
Нәтижесінде, жеке
кәсіпкерлер, еңбек ресурстарын растау кезінде ұқсас қиындықтарға тап болмайтын
сатып алудың басқа қатысушылары – заңды тұлғалармен бәсекелестік емес ортада
қалып отыр. Бұл, адал кәсіпкерлер үшін айтарлықтай кедергілер тудырады және
олардың мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейді.
Баяндалғанның
негізінде, «Ақ жол» депутаттық фракциясы:
1) Мемлекеттік
сатып алу порталын enbek.kz жүйесімен интеграциялау процесі қай кезеңде екенін
және техникалық ақаулар қашан жойылатындығына түсініктеме беруді;
2) Жеке
кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуға қатысуына, мысалы, еңбек ресурстарын
растаудың баламалы тәсілдерін ұсыну арқылы тең жағдай жасауды қамтамасыз ету
үшін шаралар қабылдауды;
3) Заңды
тұлғалармен салыстырғанда, кемсітушілікті болдырмау үшін, жеке кәсіпкерлер үшін
еңбек ресурстарын растау рәсімін оңайлату мүмкіндігін қарастыруды сұрайды.
Құрметпен,
«Ақ жол»
фракциясының депутаттары
Е. Бейсенбаев
А. Перуашев
Д. Еспаева
Е. Барлыбаев
Қ. Иса
С. Ерубаев