Премьер-Министрдің бірінші орынбасары
Р.В. Склярға
«Ақ жол» фракциясы Экология министрлігінің шешімімен құрылған заңды
коллизияға қатысты Сізге жүгінген болатын.
Сонымен, бірдей әрекетті реттейтін аңшылық алқаптарды бекіту және қайта
бекіту рәсімдері үміткерлерге мүлдем басқа шарттарды ұсынады.
Аңшылық алқаптарды бекітіп беру қағидаларында материалдық-техникалық
базаның болуы туралы талаптар экология министрінің өткен жылғы 14 маусымдағы
бұйрығымен алып тасталды. Бұл ретте, аңшылық алқаптарды қайта бекіту
ережелерінде сондай талаптар қалды.
Мысал ретінде біз Шығыс Қазақстан аңшылар бірлестігіне қойылатын талаптарды
келтірдік, ол жақын арада қайта бекіту рәсімінен өтуі тиіс. Олардың алдын ала
есептеулері бойынша, қайта бекіту үшін талап етілетін техниканы сатып алудың
өзіне 4 млрд теңгеге жуық қаражат қажет!
Мұндай шарттарды қолданыстағы аң шаруашылықтарының ешқайсысы орындай
алмайды. Бұл ретте қолданыстағылардың орнына келуі мүмкін жаңа аңшылық
пайдаланушыларға материалдық-техникалық жарақтандыру жөнінде ешқандай талаптар
қойылмайды.
Аталған коллизияны болдырмау үшін мемлекеттік органдарға нәтижесіз
өтініштерден кейін аңшылық шаруашылығы өкілдері «Ақ жол» партиясына жүгінді,
және оның парламенттік фракциясы биылғы жылдың ақпан айында өңірлерге шығу
қорытындылары бойынша кеңесте бұл проблеманы Үкіметте жеткізді, содан кейін депутаттық
сауал жіберді.
Сізден алынған жауапта ағымдағы жылдың наурыз айында Экология
министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
ғылыми-техникалық кеңестің отырысын өткізгені, оның қорытындысы бойынша аңшылық
шаруашылығын қайта бекіту кезінде материалдық-техникалық база бойынша
талаптарды алып тастау туралы шешім қабылданғаны және ережелердің тиісті жобасы
бекіту үшін қажетті рәсімдерден өтетіні хабарланды.
Алайда, «Ақ жол» партиясына аңшылық шаруашылықтарынан тағы да өтініштер
келіп түсуде. Олардың айтуынша, бүгінде алты айдан астам уақыт өтсе де ешқандай
өзгерістер болмаған, ережелердің тағдыры белгісіз.
«Ақ жол» фракциясы аңшылық шаруашылықтардың заңды құқықтарын қорғауды және
материалдық-техникалық база жөніндегі талаптарды қолданыстағы ережелерден алып
тастау жөніндегі шешімнің орындалуын талап етеді, бұл туралы біздің депсауалға
ресми жауапта хабарланған болатын.
Осыған байланысты, мәселені шешудің кешіктірілу себептері және оның орындалуының бұзылуына жауапты адамдар туралы ақпарат беруіңізді сұраймыз.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары