02
Желтоқсан

02.12.2020

«Ақ жол» партиясы ақ халатты жандардың кәсіби және адамдық қадір-қасиетін қорғау үшін дәрігер мен медицина қызметкерінің мәртебесі туралы заң әзірлеуді ұсынды

ҚР Премьер-Министрі

А. Ұ. Маминге

Коронавирустық пандемия денсаулық сақтау жүйесіндегі көптеген проблемаларды ашып көрсетіп, қоғам мен ақ халатты жандарға осы мәселелерді шұғыл түрде шешулеріне тура келді. Ол үшін өз денсаулықтарын, тіпті өмірлерін қиды. Сонымен, ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша өз қызметінде басқа адамдарды құтқару барысында 182 дәрігер мен медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болды, 13 мың ақ халатты жан осы індетпен ауырды.

Мыңдаған дәрігерлер бірнеше апталап, тіпті айлар бойы өз отбасыларын, соның ішінде кәмелетке толмаған балалары мен қарт ата-аналарын көрмеді, дайын кеспе жеп, әбден қажыды, бірақ өздері берген Гиппократ антына мейірімділік, батылдық пен адалдық көрсетіп, емделушілердің өмірі үшін күресті жалғастырды.

Пандемия кезінде президент пен Үкімет дәрігерлердің жанқиярлығына құрмет көрсете отырып, ерекше еңбек жағдайлары үшін ынталандыру сыйақыларын, сондай-ақ дәрігерлердің өздері жұқтырған және қайтыс болған жағдайлар үшін төлемдер енгізді. Алайда, 20 қазаннан бастап бұл төлемдер тоқтатылды.

Айта кетейік, «Ақ жол» демократиялық партиясы 28 қазандағы депутаттық сауалында Covid-19-бен ауырған медицина қызметкерлеріне төленетін төлемдердің күшін жойғанын сынға алып, оларды сақтауды талап еткен болатын.

Денсаулық сақтау министрлігі өз шешімін қолдай отырып, шенеуніктер дәрігерлердің жалақылары жоғары екенін айтып, баспасөзде дәрігерлердің миллиондаған кірісі туралы мәлімдеді. Әрине бұл әрекет тұрғындардың наразылығын тудырды, өмір мен өлім арасында күресетін адамдардың ауыр физикалық және эмоционалды сынақтардан күнделікті өтетіні ескерілмейтінін көрсетті.

Бұл жерде мәселе төлем мөлшерінде де емес, ал мемлекеттің пандемияның жаңа толқыны қарсаңында әлеуметтік маңызы зор мамандыққа деген қарым-қатынасында. Қаржылық қиындықтар туындаған жағдайда төлемдерді азайтуға болады, бірақ оны қоғам мен мемлекеттің ақ халаттағы жандардың ерен еңбегін бағалау белгісі ретінде қалдыруға болады.

Еуропада медициналық кадрлардың жетіспеушілігіне байланысты кейбір елдер шығындардың көлеміне қарамастан дәрігерлерді, медбикелер мен санитарларды жұмысқа шақыруда.

Ал бізде мемлекет ресми міндеттемелерден ашық түрде бас тартып,  өз шешімдерін қажетінше қайта қарайды.

Біздің сауалдан кейін «Ақ жол» фракциясының депутаттарына күн сайын осындай көзқарасқа шағымданған дәрігерлердің өтініштері келіп түсуде. Алдымен олар кеңселерді аралап, шенеуніктердің алдында өздерін ақтаумен болды. Олар тәулік бойы (күштері таусылғанға дейін)  кезекшіліктер арасында тойлар мен мейрамханаларға баруға уақыттары, мүмкіндіктері болмағанын дәлелдеумен болды.

Ал 20 қазаннан кейін олар жиналған пайдасыз қағаздарды медицина қызметкерлерінің алдарына тастады. Өтініш берушілердің көпшілігі шілде-тамыз айларында ауырып қалып, ал қалған уақыт бюрократиялық кедергілерді жеңуге кеткенін ескеру керек.

Теледидарда бір облыс әкімнің орынбасары пандемия кезінде дәрігерлер мен жеке клиникалардың медицина қызметкерлерін босқа айыптады, бұл әрекет дәрігерлердің осы санатын қатты қорлады. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 9 сәуірінде «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы жеке клиникалардың өтініші бойынша Үкіметке пандемиямен күресте жеке медициналық мекемелердің мүмкіндіктері мен кадрларын тарту туралы ұсыныс жасаған болатын. Бүкіл ел бойынша жеке клиникалар провизорлық орталықтар ашып, өз қаражаты есебінен үй-жайларды қайта құрды, мыңдаған науқасқа көмек көрсетті және бүгінде көмек беруді жалғастыруда.

Мұның бәрі болып жатқан қайғылы оқиғаларға қарамастан, мемлекеттік органдардың дәрігерлерге деген немқұрайлылығын көрсетеді.

Осыған байланысты «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы Үкіметке шұғыл түрде «Дәрігер мен медицина қызметкерінің мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, енгізуді ұсынады.

Жақында осындай ұсынысты сенатор Мұрат Бақтиярұлы және басқа да әріптестеріміз жасады. Алайда олар халық денсаулығы туралы кодексте осындай нормалардың болуына сілтеме жасай отырып, қолдау таппады. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің пандемияның жаңа толқынына дайындық туралы мәлімдемесі аясында елімізде пульмонологтар, реаниматологтар, эпидемиологтар, радиологтар сияқты өте өзекті мамандықтар бойынша 4 мыңға жуық дәрігер жетіспейді. Орта және кіші медицина қызметкерлерінің жағдайы одан да төмен екені анық.

Алайда, тәжірибе мен келтірілген мысалдар көрсеткендей мемлекеттік қызметкерлердің кейбірі ақ халатты жандардың еңбегі мен батырлығының мемлекеттік маңызын түсіне бермейді.

Олардың материалдық қамтамасыз етілуі заңға емес, шенеуніктердің еркіне байланысты.

Осы айтылғандарды негізге ала отырып, "Ақ жол " дәрігер мен медицина қызметкерінің материалдық жағдайын (эпидемияны ескере отырып) қамтамасыз ету, сондай-ақ ақ халатты жандардың кәсіби және адами қасиеттерін қорғау үшін  олардың мәртебесі туралы Заңды әзірлеуді талап етеді..

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары