4 мамыр 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
Е. Л. Тоғжановқа
«Ақ жолға» ҰБТ және Ұлттық тестілеу орталығына қатысты мәселелер бойынша ата-аналар мен мұғалімдер жүгінуде. Мемлекеттік кәсіпорын 30 жыл бұрын білім беру сапасын бағалау рәсімдерін ұйымдастыру үшін құрылған. Қазір бұл саладағы абсолютті монополист. Соңғы уақыттан бері ҰБТ-ның техникалық бөлігі, оның ішінде әрқайсысы 6 мың теңгеден 4 сынамалық ақылы тестілеу, Орталық белгісіз бір себептермен «Ю-Стади» жеке кәсіпорнына тапсырды, бұл жаңа проблемалардың туындауына алып келді.
«Ю-Стади» тестілеу пункттерінің көпшілігі облыс орталықтарында орналасқан, ал жол шығындары ата-аналарға жүктелген.
ҰБТ түлектердің қорытынды аттестациясы емес екеніне қарамастан, оның нәтижелері мектеп рейтингіне әсер етуді жалғастыруда. Сондықтан бітіру сыныбы мұғалімдерге төленбейтін ҰБТ дайындық курсына айналады.
Тарих пәні мұғалімдері атап өткендей, ұсынылған сайттарда ақпарат ҰБТ базасына сәйкес келмейді, олардың негізінде осы база дайындалып жатқан нақты анықталған оқулықтар да жоқ. Егер сабақтарда олар балаларға себеп-салдар байланысын анықтауға үйретсе, онда ҰБТ мәселелерінде бүкіл тарих цифрларда және екінші дәрежелі оқиғалардың мысалында берілген. ҰБТ және мектеп бағдарламаларының тесттік базасы әртүрлі мазмұнға ие. Барлық пәндер бойынша осындай ескертулер бар.
Бұрынғыдай сынақ ҰБТ-да балалар өзімен бірге ала алатын тесттің қағаз нұсқасы да жоқ. Олар сұрақтарды есте сақтай алмайды, ал Ю-стади кері байланыс емес тек ұпай береді. Сонда қателермен қалай жұмыс істеу керек? Сондықтан сынақ тестілері мағынасыз болып отыр, ал оларға ерікті түрде қатысу орта білім берудің тегін кепілдіктерін бұзады.
Егер түлек біздің ҰБТ-ны тапсыра алмаса, ЖОО-на түсе алмайды. Алайда, кейбір мектептерде шетелде оқуды жоспарлаған «Алтын белгіге» үміткерлер тестілеуге баруға міндеттеледі. ҰБТ біздің түлектеріміздің елден кетуінің тікелей себебі ғана емес, сонымен қатар үздіктерге қысым жасау құралы болып отыр. Біздің фракция ҰБТ-ның даулы сипаты, онымен байланысты күйзелістер мен данышпандар ағыны проблемасын бірнеше рет көтерген болатын. Жыл сайын мыңдаған дарынды балалар ҰБТ-дан бас тартып, шетелдік жоғары оқу орындарына кетіп қалады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты «Ақ жол» фракциясы келесіні қажет деп санайды:
- Тест тапсырмаларының сапасын жақсарту, дұрыс емес тапсырмаларды алып тастау үшін тест тапсырмаларының базасына қолжетімділікті ашу.
- Аудан орталықтары мен ірі кенттердегі тестілеу пункттерін қалпына келтіру.
- ҰБТ-дан басқа ЖОО-ға түсу емтихандары арқылы түсудің баламалы нұсқасын енгізу.
«Ақ жол» фракциясы мемлекеттік кәсіпорындардың жауапкершілігі мен олардың бюджеттерінің Парламент алдындағы есептілігі мәселелерін үнемі көтеріп отырады. Осыған байланысты, келесі ақпаратты ұсынуды сұраймыз:
1. Жыл сайын Ұлттық тестілеу орталығына қандай сома және қандай мақсаттарға бөлінеді?
2. Жеке тұлғалардың шоттарына сынақ тестілері үшін бейресми ақша жинау қандай негізде жүргізіледі?
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары