26
Сәуір

26.04.2023

Күнбағыстың дақылы жанбағыстың көзі болуы үшін баж салығын төмендету керек

Қазақстан Республикасы 

Премьер-министрінің орынбасары 

С.М. Жұманғаринге

Майлы дақылдар отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қызметінде маңызды орын алатыны белгілі.

2023 жылдың 20 қаңтарында Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен күнбағыс дақылдарына 20 пайыздық экспорттық баж салығы енгізілді.

Сәуірдің 24-і күні «Ақ жол» демпартиясының кеңсесінде шығыс өңірлердегі бірқатар шаруа қожалықтарының өтініші бойынша күнбағыс дақылдарына экспорттық баж салығын салу мен «Пионер» сорты тұқымдарының экспорттық саясаты мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Шаруалардың айтуынша, дақылдардың бұл сортын күнбағыс майын өндіру үшін пайдалану тиімсіз, сондықтан оны тек кондитерлік өнеркәсіпте пайдаланады.

Және осы түрінде ол Қытайға экспортталады.

Кәсіпкерлер атап өткендей, бір ғана Абай облысында осы дақылдарды өңдейтін 18 зауыт салынып, екі мың жұмыс орны ашылған. 135 дана жабдық сатып алынды, олардың көпшілігі жеке мүлкімен қамтамасыз етілген несиеге алынған.

Алайда, кәсіпкерлердің айтуынша, экспорттық мемлекеттік баж салығының 20 пайызы салдарынан кәсіпорын шығынға ұшырап, сатып алынған құрал-жабдықтар өз құнын ақтамайды.

Өз кезегінде Сауда және интеграция министрлігі тұқым сортын анықтаудың қиындығына сілтеме жасайды. Сонымен қатар, көрсетілген тұқым сортын Тауар номенклатурасының жеке кодына бөлу ЕАЭО-дағы серіктестермен ұзақ мерзімді келісімді қажет етеді.

Өкінішке қарай, жоспарланған отырыс туралы ресми хабарланғанымен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері өздерінің тікелей құзыретіндегі мәселені талқылаудан жалтарды. 

Жоғарыда айтылғандай, бұл мәселе ауыл шаруашылығы өндірушілерінің және олардың еңбек ұжымдарының едәуір бөлігін қамтып отыр.

Осының барлығын негізге ала отырып, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы мыналарды ұсынады:

1. «Пионер» сортының дақылдарын өсімдік майына өңдеудің тиімсіздігі туралы кәсіпкерлердің дәлелдерін зерттеу;

2. Егер расталса, күнбағыс дақылдарының «Пионер» сортын жеке СЭҚ ТН кодына (Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына) бөлу шараларын қабылдау.

3. Дақылдың осы түріне экспорттық баж салығын жою немесе төмендету мәселесін қарастыру.

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары