Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
С.Қ. Жақыповаға
«Ақ жол»
партиясына еліміздің кәсіпкерлерінен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы
жарналарын төлеу міндетін жою қажеттілігі туралы өтініштер келіп түсуде.
Біз білетіндей,
былтырғы жылдан бастап Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік кодексі
қолданысқа енгізілді. Кодекстің талабы бойынша жеке кәсіпкерлер үшін тағы бір
міндетті зейнетақы жарналары пайда болды.
Бұл ретте, осы
Әлеуметтік кодекстің Мәжілісті таратқан кезінде қабылданғанын атап өтуіміз
қажет.
Бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы
жарналары агенттің, өзге ақылы жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе
бекітілген) адамдардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады және жұмыс
берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын жұмыскердің
ай сайынғы табысынан белгіленеді:
2024 жылғы 1
қаңтардан бастап - 1,5 пайыз мөлшерінде және 2028 жылға дейін жұмыс берушінің
міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі жыл сайын 5 жыл ішінде өседі.
Елімізде ҚР
Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша жалдамалы жұмыскерлері жоқ
жеке кәсіпкер шамамен 1,2 миллион және бұл ретте олар жұмыс берушінің міндетті
зейнетақы жарналарын төлеуге тиіс. Неліктен адам өзі үшін міндетті зейнетақы
жарналарын екі рет аударуы керек-олар қалай аталса да. Міндетті
әлеуметтік-медициналық сақтандыру да бар, ол жерде де екі төлем.
Қазір
Қазақстандағы жалақы қорынан алты түрлі салық пен төлем аударылуда. Жалпы
айтқанда аударымдар шамамен 40% пайызды құрайды. Ал 2028 жылы аударымдар тағы
5% - ға артады. Бұл іс жүзінде біздің кәсіпкерлерге қосымша қаржылық жүктеме.
Сонымен қатар,
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өзінің
қызметі мен тиімділігі көп мәселе тудырып отыр.
Демек, біздің
азаматтарымыздың зейнетақы жүйесіне деген сенімсіздігі артып келеді.
Жоғарыда
айтылғанды қорытындылай келе, Президент Қ.К. Тоқаев айтқандай экономикалық
либералды (ырықтандыру) шеңберде қарастырып кәсіпкерлерге артықша қысым
болмасын және артықша жүктеме болмасын деп жұмыс берушінің, әсіресе жалдамалы
жұмыскерлері жоқ жеке кәсіпкерлердің жұмысшыға міндетті зейнетақы жарналарын
төлеуді қайта қарастыруды ұсынамыз.
Сондай-ақ,
жалақыдан барлық салықтар мен төлемдерді біріктіру және кәсіпкердің үстіне
салынатын міндеттемелерді күшейтуді емес, жеңілдету жөн болар деп санаймыз.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары Е.Бейсенбаев
А.Перуашев
Д.Еспаева
Қ.Иса
Е.Барлыбаев
А.Садықов