09
Қыркүйек

09.09.2015

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (Бөкейханов) және Ахмет Байтұрсынұлының (Байтұрсынов) өмірі мен қызметтеріне қатысты тергеудің архивтік материалдарын зерттеуге Сұлтан Хан Аққұлұлы Жүсіп жетекшілік ететін алаштанушы зерттеушілер тобына рұқсат беруін сұрайды - 'Ақ жол' ҚДП

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ.Н.Қасымовқа
 
Қадірлі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы!
 
       «Ақ жол» партиясының «Алаш» қозғалысының идеялық және шығармашылық мұрасын зерттеу және тарату бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіп жатқаны белгілі, жыл сайын ғылыми-тәжірибелік конференциялар, осы тақырыпта ғылыми жұмыстардың байқауы өткізілуде. Осыған байланысты Сізден ҰҚК органдарының Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің арнаулы мемлекеттік мұрағатына берілген ХХ ғасыр басындағы қазақтың екі көрнекті мемлекет қайраткерлері, ғалымдары әрі көсемсөзшілері - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (Бөкейханов)  және  Ахмет Байтұрсынұлының (Байтұрсынов) өмірі мен қызметтеріне қатысты  тергеудің архивтік  материалдарын зерттеуге Сұлтан Хан Аққұлұлы Жүсіп жетекшілік ететін алаштанушы зерттеушілер тобына рұқсат беруіңізді сұраймын.
Сөз ОГПУ тергеушісі И.Кашириннің Ә.Н.Бөкейханнан алған жауабының хаттамасы, сондай-ақ С.Жүсіптің сұрауы бойынша 1995 жылы Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі жіберген құжаттар туралы болып отыр, олар А.Байтұрсынұлының қойын дәптерімен (күнделігімен) бірге Алматы ІІД-нің арнайы мемлекеттік мұражайында жатыр.
       Ә.Н.Бөкейханның қылмыстық ісі мен А.Байтұрсынұлының күнделігін бірыңғай ғылыми тұрғыдан зерттеу Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 14 сәуіріндегі «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңына қайшы келмейді, қоғамда келеңсіз құбылыс туғызбайды. Керісінше бұл материалдардың ғылыми құндылығы зор, әсіресе Ә.Н.Бөкейханның 2016 жылы атап өтілетін 150-жылдығы мен Алаш Автономиясының 2017 жылы тойланатын 100-жылдық мерейтойларының  алдында құндылығы тіптен арта түседі.
       Ерекше айта кететін мәселе: Ә.Н.Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы – халықаралық маңызы зор оқиға ретінде 2016 жылы ЮНЕСКО аясында тойланбақшы.
       Еуразия ұлттық университеті «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры С.А.Жүсіп «Алаш» тақырыбын 1991 жылдан бері зерттеп келеді. Оған қоса «Алаш» ғылыми зерттеу Институты Ә.Н.Бөкейханның 150-жылдық мерейтойына арнап «Ә.Н.Бөкейхан. Шығармаларының 16 томдық толық жинағы» бірегей  көптомдығын, «Ә.Н.Бөкейхан: Хан баласында қазақтың хақысы бар...» монографиясын және «Әлихан Бөкейхан» тұлғалық энциклопедиясын баспаға әзірлеу үстінде.
       С.А.Жүсіптің КСРО және ҚазССР мемлекеттік қауіпсіздік комитеттері, ҚР ҰҚК сияқты арнайы архивтермен жұмыс істеу тәжірибесі бар. 2014 жылдың желтоқсанында С.А.Жүсіп Ресейдің ФҚҚ архивіне кіруге рұқсат алған.
       Егер мәселе шешіліп жатса, аталған мұрағат құжаттары, оның ішінде күнделік дәптер де бар, зерттеліп және Ішкі істер министрлігі басшылығына ризашылықпен жарияланатын болады. Ол, өз кезегінде, құқық қорғау органдарының беделін көтере түседі деп ойлаймыз. 
 
Құрметпен, 
Фракция жетекшісі,
Депутат А. Перуашев