24
Мамыр

24.05.2017

«Ақ жол»: БҰҰ Конвенциясы медициналық мақсатта қолдануға тиым салған «Метадон» есірткісі неге бізде алмастыру терапиясы ретінде ресми түрде пайдаланылады?

2017 жылдың 24 мамырында жарияланған
                                                                                                                                  
Қазақстан Республикасының
                                                                                                                                  Премьер-Министрі
                                                                                                                                  Б.Ә.Сағынтаевқа 

 

 

Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

«Ақ жол» фракциясы қатты әсер ететін синтетикалық есірткі «Методон»-ның Қазақстанда заңсыз жылжыту мәселесін тағы көтерді. Мәселен, пилоттық жоба шеңберінде, апиындық алмастыру терапиясы ретінде дәрі-дәрмек елімізге есірткіге тәуелділікті емдеу үшін 9 жылдан бері әкелінеді.      

«Метадон» Ресейде тыйым салынған, Өзбекстан пилоттық жобаны тоқтатып,  біздің елге гуманитарлық көмек ретінде қалған дәрі-дәрмектерді берді, Қырғызстанда депутаттар осы есірткіні шығаратын зауыттың құрылысын қолдамады.

Қазақстанда «Метадонның» зерттеулері мен клиникалық сынаулары заңнамада көрсетілген талаптарды бұза отырып жүргізілген.  2011 жылы  пилоттық жобаның нәтижелерінен кейін Денсаулық Министрлігіне тәуелсіз комиссияның теріс қорытындысы ұсынылды,  бірақ түсініксіз себептерге байланысты бұл тексерістің нәтижелері айтылмайды.

Осыған орай, 2014 жылдың 17 қыркүйегіндегі депутаттық сауалда біз оны қолдануға тыйым салу қажеттілігін көрсеткен болатынбыз.

2014 жылы 16 қазанындағы біздің сауалға  Үкімет «Метадон» апиындық тәуелділікке байланысты шығындарды төмендетеді  және оны ауыз арқылы қолдану тәсілі арқылы, Қазақстан АИТВ таралуын ұстап тұр деп атап көрсетті.  

Дегенмен, «Метадон» шәрбат түрінде тек ауыз арқылы ғана емес, сонымен бірге ол  көктамыр арқылы да қолданылатыны белгілі, сондықтан АИТВ таралуын төмендетпейді

«Ақ жол» партиясына медициналық коғам өкілдерінен: ҚазҰМУ психиатрия, наркология және психотерапия кафедраларынан,  Астана қаласының Медициналық әлеуметтік-оңалту орталығынан, Қарағанды облыстық наркологиялық диспансерінен, Ұлттық Медициналық Ассоциациядан  қорқынышты хабарламалар түсіп жатыр. Олардың ойыңша,  Денсаулық Министрінің пилоттық жобасын жамылып, «Метадон» қолпаштары Қазақстанда есірткі бизнесінің жаңа түрін жасайды.  

Олар терминдерді ауыстыру даярланбанған адамдарды жаңылыстыратынына алаңдайды. Мәселен, жалғасып отырған есірткіге тәуелділік «алмастыру терапиясы» ұғымына ауыстырылады. Салық төлеушілердің ақшасына «Метадон» есірткісін сатып алу, тасымалдау, сақтау, беру орнын ашу, онда арнайы қызметкерлерді ұстау, ресми іс-шаралар арқылы оның жарнамасын беру ұсынылады.  «Метадон» лоббистері кепілдендірілген тегін медициналық көмек беру көлемі аясында мемлекеттік бюджет есебінен,  яғни салық төлеушілердің қаражатынан  қаржыландыру алу үшін  оны өмірге қажетті дәрі-дәрмектердің тізіміне жатқызуға әрекеттер жасауда.

Қалайша, БҰҰ Конвенциясы медициналық мақсатта қолдануға тиым салған «Метадон» есірткісі – героин мен морфин баламасы  бізде алмастыру терапиясы ретінде ресми түрде пайдаланылатын болды?

1989 жылы,  ЕКПА  үндеу қабылдап, барлық әлем елдерінің үкіметіне «Метадонның» кез-келген медициналық мақсатта қолдануына тиым салуға шақырғанын, өйткені одан героинға қарағанда нашақорлар көп қайтыс болғанын еске саламыз (героинда өз кезінде  морфиндық нашақорлардың санын азайту және емдеу үшін ойлап табылған болатын, бірақ гериондық нашақорлардың санын одан сайын көбейтті).

«Метадонды» қолдану арқылы есірткіге тәуелді адамды емдемейді, тек  қырғын  салдарлары бар  ауыр есірткіге аударуға қызмет етеді.  

Осыған қарамастан, мемлекеттік деңгейде заңды құқықтары жоқ, сондықтан да тиісті сынақтар жүргізбейтін, Қазақстанда клиникалық тәжірибесі жоқ және біздің азаматтардың денсаулығына, тұтастай алғанда  бүкіл елге келтірілген залал үшін ешқандай жауапкершілік алмайтын  халықаралық ұйымдар арқылы аталмыш дәрі-дәрмекті мемлекеттік деңгейде белсенді және ашық түрде енгізу  қолпаштануда. 

Сонымен бірге,  «2010-2014 жылдарға арналған ҚР-да апиындық алмастыру терапиясының қол жетімділігін кеңейту: жағдайды шолу, іс-қимыл жоспары және енгізудің операциялық жоспары» құжатында  «Метадонның» жеткізілуінің бір күнге кешіктірілуі елімізге қоғамдық-саяси  тәртіпсіздіктерімен қауіп төндіреді деп аталған.  Бұл құжатты әзірлеушілердің бірі UNODC есірткі және қылмыстық бойынша БҰҰ басқармасы  да біздің елімізде «Метадонды» енгізу үшін туындайтын салдарлар үшін барлық жауапкершілікті өзінен мұқият алып тастап, оны орындаушыларға жүктеп қойды.

Есірткіге тәуелділердің  санын көбейтуге тарта отрырып, метадондық алмастыру терапиясын енгізуді жалғастыру  еліміздің Ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескере келе,  «Ақ жол» фракциясы қайтадан:

- Қазақстан Республикасында «Метадон» есірткісін қолдануға тыйым салу бойынша шұғыл шараларды қабылдау;

-  «Метадонды» медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынған дәрі-дәрмектердің I – ші тізіміне қосу;

- апиындық алмастыру терапиясы жобасын заңсыз жылжытқаны үшін жауапкершілік қарастыру талаптарын қояды.

 

Құрметпен,
          «Ақ жол» фракциясының депуттары